
16 Маусым, 2017
915
Петропавлдағы халықаралық «Сәлем, Қазақстан!» көрмесі
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Туған жер» бағдарламасы аясында «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы облыстық мұражай бірлестігімен бірлесе халықаралық «Сәлем, Қазақстан!» көрме-конкурсын ашты. Іс-шара «ЭКСПО 2017: Болашақ энергиясы» көрмесіне арналған. Алғаш рет көрмеге 4-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар ғана қатысты. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың географиясы – Польша, Италия, Ресей, Қазақстан.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға рухани-адамгершілік қарым-қатынасты және ортақтастық сезімін тудыру, ел, астана, мемлекеттің бейнемелері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрме 14 маусымда Петропавл қаласындағы облыстық мұражайда ашылды.
Жобаның авторы мен тәлімгері - «Коперник» поляк этномәдени орталығының төрайымы Валентина Юлюсьевна Корнева. Конкурсқа 127 балдырған қатысты, 150 астам жұмыс ұсынылды. 1-орынды Петропавлдағы облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, «ART-палитра» бейнелеу студиясы, педагог Наталья Юрьевна Козловская және «FLOREALE» балабақшасы GRUPPA AULA BLU және Италиядан келген педагогтер иеленді. 2-орын Мәдина Танжарбайқызы Дарбаеваның жетекшілігімен «Алтын бесік» балабақшасы еншісінде, Петропавл қаласы. 3-орын Петропавл қаласындағы «Умный ребенок» балабақшасына бұйырды, педагог Елена Владимировна Иванова.
Көрме-конкурстың барлық қатысушылары дипломдар, сертификаттар мен кәдесыйларға ие болды. Халықаралық көрме-конкурстың ұйымдастырушылары көрмені ұйымдастыруға қол ұшын бергендері үшін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Наиль Камильевич Салимовқа, «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Әсемгүл Найманқызы Есқожаға, Ресейден келген Юлия Балажентиске және Голландиядан келген Анастасия Крутькоға алғыс айтты. Сонымен бірге қазылар алқасының мүшелері: Лидия Васильевна Гиркоға, Валерий Васильевич Савельевке, Ирина Сергеевна Шишкоға; «Сәлем, Қазақстан!» халықаралық көрме-конкурсына қатысушыларға және «Қоғамдық келісім» КММ ризашылық білдірді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы