
31 Мамыр, 2017
1570
Петропавлдағы «Мерейлі отбасы»
Отбасы құру — зор ерлік. Баланы дүниеге әкеліп, жаңа өмір сыйлау қиын емес. Ал баланың сана-сезіміне махаббат, еркінділік, сенім, ұят, жауапкершілік ұғымдарын сіңіру – оңай міндет емес, ол махаббаттан және отбасыдан тыс орындалмайды.
Отбасында патриотизм, махаббат, жақынды құрметтеу, жомарттық, өз істеріңе деген жауапкершілік сезімдері секілді адамзатқа ортақ құндылықтар жнақталады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша биыл төртінші рет өткізілуде. Көп балалы отбасылармен бірге конкурсанттар қатарында үздік дәрігерлердің, мұғалімдердің, спортшылардың, әскери қызметкерлердің, өнер адамдарының, кәсіпкерлердің отбасылары қатысуда.
Петропавлда жалпы ұлттық конкурстың облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шал ақын ауданынан келген Андреевтер отбасы және Петропавлдан Темірхановтар отбасы үшінші орынды алды. Екінші орын – Мамлют ауданынан Омаровтар және Ғ. Мүсірепов ат. ауданнан Тасмағанбетовтер отбасыларына бұйырды. Ал Қызылжар ауданынан Некибаевтар отбасы және Петропавлдан Пархоменколар отбасы жеңімпаз атанды. Қожатай Сейтахметұлы – Ұлы Отан соғысы ардагері. 1943 жылы оны Екінші Украин майданына шақырған, ол онда 386-атқыштар дивизиясында қызмет еткен. Житомир, Ровно, Львов, Бротислава, Брноны азат ету шайқастарына қатысқан. Соғыстан Отанына оралған соң Қожатай Сейтахметұлы 32 жыл бойы ауылда бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Оның ісін үш ұлы, үш келіні және төрт немересі жалғастырды. Жұбайы Айша Сағындыққызымен бірге 10 баланы өсіріп тәрбиелеген. Некибаевтар отбасының жалпы мұғалімдік өтілі 200 жылды құрайды. Сонымен бірге құрметті бірінші орынды Петропавлдағы Пархоменколар отбасы иеленді. Отағасы Александр Михайлович – облыстық қуыршақтар театрының жоғары санатты әртісі. Зарема Хаджимуратовна – М. Қозыбаев ат. СҚМУ студенттер клубының меңгерушісі. Александр және Зарема төрт бала тәрбиелеп отыр. Шығармашылық жетістіктері үшін ерлі-зайыптылар бірнеше мәрте түрлі марапаттармен ынталандырылған. Барлық жеңімпаздарға құнды сыйлықтар берілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болды
-
Петропавлдағы аrt-орталықта татар этносының үйлену тойы көрсетілді
-
Ақтау: «Интернационалды отбасы» байқауында Достық жеңіске жетті
-
Атыраулық Тілекқабыловтар әулеті «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының Бас жүлдесін иеленді
-
ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ДЕГЕН НАҒЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
-
Петропавлдағы республикалық семинар-тренинг
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болды
-
Петропавлдағы аrt-орталықта татар этносының үйлену тойы көрсетілді
-
Ақтау: «Интернационалды отбасы» байқауында Достық жеңіске жетті
-
Атыраулық Тілекқабыловтар әулеті «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының Бас жүлдесін иеленді
-
ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ДЕГЕН НАҒЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
-
Петропавлдағы республикалық семинар-тренинг