10 Тамыз, 2016
683
Петропавлдағы «Песня без границ» фестивалі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Солтүстiк Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуын және Петропавл қаласы күнін мерекелеуге орай «Песня без границ» халықаралық фестивалі өтті.
Мақсаты - Қазақстан және таяу шетелдер аумағында тұрып жатқан этностардың тарихи-мәдени мұрасын дамыту және сақтау институты ретінде Қазақстан халқы ассамблеясын насихаттау.
Фестиваль Челябинск, Түмен және Солтүстік Қазақстан облысы аудандарынан келген достардың басын біріктірді.
Челябинсктің «Дубрава» казак әндері ансамблі көңілді әндерімен және билерімен көрермендерді сүйсіндірді. Ал «ЮГиС» вокалды триосы орыс халық әндерін акапельдік орындауымен таң қалдырды. Ең жас әртіс Уәлиханов ауданынан келген Дина Диярат болды. Ол қазақ тілінде «Туған жер - тағдырым» және «Елімнің жүрегі - Астана» әндерін орындады.
Фестивальге қатысушылардың саны жетпіске жуық болды. Қонақтар қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, өз тілектерін білдіргендеріне ырза.
Іс-шара қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Елена Балло қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Ал іс-шараны «Қуанамын» би ансамблі ұлттық биімен тәмамдады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды