28 Қараша, 2018
1467
Петропавлдағы «Qazaqtany’» мектебінде жент пен шелпек әзірлеудің қыр-сырымен бөлісті
Петропавл қаласының «Qazaqtany'» мектебінің кезекті сабағында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ирина Литт жент дайындау бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, дәмді қазақ ұлттық тәттісінің тарихы туралы әңгімелеп берді.
Жент мерекелік тағам болып саналады және оны әдетте ерекше жағдайларда дайындайды. Дәстүр бойынша жентті таза шүберекке орап, басқа тәттілермен бірге жеке сандықта сақтаған.
«Қоғамдық келісім» КММ сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы Гүлмира Құсайынова өз кезегінде «Жеті шелпек» дайындау бойынша сынып шеберін өткізді.
Шелпек - дөңгелек пішінді, ұннан жасалған қазақтың ұлттық тағамы, нан түрлерінің бірі саналады. Әдетте шелпек терең табада пісіріледі. Оны сүтті, қатпарлы, тұщы немесе ашытқы қамырдан дайындауға болады.
Қазақ халқы шелпекті дайындауға ерекше мән береді, оларды Айт кезінде, дүние озған туған-туыстарды еске алғанда және жұма күні дайындайды.
Мектеп директоры Жангелді Тәжин шелпекті қашан дайындау керектігін, әдетте қалай берілетіні туралы айтып берді: «Алдымен құран оқылады, содан кейін ақсақал шелпекті бөліп, оң қолымен дастарқан басындағыларға таратады», – деді ақсақал.
Жент пен шелпек дайындау аяқталғаннан кейін «Qazaqtany» мектебінің қатысушылары жент пен шелпекті дайындау жолын (рецепт) жазып алып, қызықты және танымдық сабақ үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті