Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2017

1034

Петропавлдағы республикалық семинар-тренинг

2017 жылғы 25 қазанда Петропавл қ. Достық үйінде қазақ тілі оқытушыларына арналған «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт»  тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологиялары бойынша семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты - тілдерді қысқа мерзімде оқытудың қазіргі технологиясын дайындау мен енгізуге арналған семинар-тренинг өткізу арқылы Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру. Іс-шараға қатысушылар мектептер, этноорталықтар оқытушылары және әдіскерлер болды.

Семинар-тренингтің спикерлері ұсынған курстың құрылымы, оқу материалы және әдістері мемлекеттік тілді меңгеру барысында барынша нәтиже алуға бағытталған.

Оқу құралы мазмұнының негізгі ерекшелігі тұтастық, бейнелілік, интерактивтілік, тілдегі кедергілерді жедел еңсеру болып табылады.

Модератор ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысы Шаймұханбетова Жанна Кәкібайқызы болды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов семинарды ұйымдастырушылармен және қатысушылармен амандасып, өз жұмысы жайында баяндады.   

Құрметті қонақ, «Жағдаяттық қазақ тілі» оқулығының авторы Тасыбеков Қанат үш томнан құралған «Жағдаяттық қазақ тілі» кітабын таныстырды. Жазушы өз өмірі мен үш томның құрылуы жайында айтып өтті. Автордың сөзінше, қазақ тілінде сөйлеуге үйренуді бастамас бұрын бірнеше жағдайға назар аудару қажет, басқа бар оқулықтарда оларға мән берілмейді. 

Сонымен бірге «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Жалмұқанова Ләззат Жұмағұлқызы және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық жеңімпазы Жукова Галина Сергеевна  сөз сөйледі.  

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде айтқан Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Қайыржан Рақымжанов былай деді: «Германияда мұғалімдер мен оқытушылар тілдерді жеделдете оқыту үшін сабақта негізінен үш, төрт және одан аспайтын сөйлемнен тұратын шағын мәтіндерді қолданады. Дегенмен тапсырмалар көп. Бәрі өз еркімен жұмыс істейді, себебі барлығында тапсырмалар әр түрлі. Кейін оқушылармен бірге жағдайларды өңдейді, онда балалар аталған мәтінді толықтырады. Сөйтіп жағдайлы тапсырмалардың арқасында оқушылар жаңа сөздерді тез ұғып, өздерінің сөздік қорын толықтырады».

Тәжірибелік бөлімге көшкенде Қайыржан Рақымжанов қатысушыларды 4/3/2 әдісімен таныстырды. Бұл әдістің авторы Жаңа Зеландиядағы Пауль Нейшн болып табылады. Әдістің мәні – 4 адам қатысады (әрқайсысында диалог үшін бөлек тақырып), әрқайсысы үш айналым жасайды, әңгімелесушіге өз тақырыбын айта отыра, диалогке екі жақ та кіріседі.

Сонымен қатар спикерлер құрамында Ұлттық тілдерді оқыту орталығының директоры Сұңғатова Айжан және YOUTYBE   бейнепорталындағы «Казахский язык за 2 недели» бейнесабақтарының авторы  Нұрсейітов Досжан болды.  

Досжан Жандарбекұлы: «Грамматиканы оңтайландырып, артығын алып тастаса жақсы болар еді, себебі өзге ұлт өкілдері қарапайым нәрселерді түсінбейді». Олардың түсінуі үшін ол оқыту барысында шет елдердің тәжірибесін қолдануды ұсынады, яғни оқу материалының мазмұнын қызықты беру, түрлі жағдайларды көрсету, түрлі амал-тәсілдермен тапсырмаларды орындау, олармен жұмыс істеу, өздерінің ойлануына мүмкіндік беру. Мысалы: сурет (кез келген) көрсету. Тапсырмалар: оқушылар не көргенін қарапайым сөздермен айтып, сұрақтар құрады, бір-бірін тыңдап, диалогке шығады және т.б.

Досжан Нұрсейітов 6-сынып оқушысы Вадим есімді ұлды және университетте оқитын Ксения есімді қызды мысалға келтірді. Вадим мелекеттік тілде тілдесу барысында диалогке оңай түседі, бірақ грамматиканы білмейді, ал Ксения керісінше қарапайым сауалдарға жауап беруде қиналады, дегенмен грамматиканы жақсы біледі. Осыған сүйене отыра, Досжан Жандарбекұлы реформа жүріп жатқанда, мемлекеттік тілді оқытудың дамуына өз үлесімізді қосып, мысалдағы мәселені шешудің жолдарын табуды ұсынады.   

Күн маңызды оқиғаға толы болды, жаңа ақпаратты меңгерумен қатар, әріптестер тәжірибеде, қарапайым мысалдарда оқыту әдістемесін қолдана алды. Семинар-тренинг соңында қатысушылар өз пікір-әсерлерімен бөлісті, ұйымдастырушыларға мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесіндегі құнды білімдері үшін алғыс білдірді. Кейін Қазақстан халқы ассамблеясы сертификаттарымен және кітаптарымен марапаттады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Дата события ассамблеи: 26.10.2017

Кейін қарай