Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2016

742

Петропавлда үйрету семинары өтті

                Петропавл қаласының Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі - қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі»  тақырыбында облыстық үйрету семинары өтті. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің тиімділігін арттыру.

                Семинарға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және Қоғамдық келісім кеңестері бөлімінің басшысы Гаухар Антазиева, сондай-ақ облыс аудандары қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары қатысты.

                Семинардың міндеттері:

- Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі мен мәнін арттыру;

- Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу;

- қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын дамыту және жақсартудың өзекті мәселелерін талқылау және шешу. 

                Гаухар Антазиева өз облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ, қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы жөнінде айтып өтті, сұрақтарға жауап беріп, кейін болған пікірталасқа қатысты.

                Семинарға қатысушыларға «Солтүстік Қазақстан облысы аудандарындағы этносаралық жағдай» фокус-тобы өткізілді. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай