
31 Мамыр, 2016
1414
Поляк жексенбілік мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Өткен демалыста елордамыздағы жексенбілік мектептерде тағы бір мәрте соңғы қоңырау соғылды. Бұл жолғы салтанатты жиын «Polacy» қоғамдық бірлестігінің жексенбілік мектебіндегі оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілді.
Оқу жылын бітіргендер мен оның түлектерін Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Консулы Малгожата Таньска құттықтады.
Құттықтау сөзі кезінде Малгожата Таньска мырза түлектерге Польшаның жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға тілектестігін білдіріп, онда мамандық таңдаудың мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған «Polacy» ҚБ төрайымы Елена Роговская өмірлік тәжірибе жинақтаған түлектердің өз Отаны – Қазақстанға қайтып оралатынына және олардың өз Отанының нағыз патриоты ретінде жарқын істерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларының меңгерген оқу бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес, баға қойылып, әндер шырқалды және поляк тілін меңгерулеріне байланысты өлеңдер оқылды. Ал «Куявячек» фольклорлық ансамблінің солистері поляктың халық биі «краковякті» орындады.
Поляк жексенбілік мектебінің директоры Марина Малиновскаяның айтуынша, «Polacy» ҚБ базасында құрылған оқу орнына биыл 10 жыл толады екен. Қазір бұл мектепте түрлі ұлттың балалары білім алуда. Оқу орнын үздік бітірген түлектер Астана қаласында алдын ала қабылдау емтихандарын тапсырғаннан кейін, Польшаның жоғары оқу орындарының біріне түсуге мүмкіндік алады.
______________________
Астана қаласы әкімдігі жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:
тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659
WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан поляктары одағы» ЗТБ төрағасы Виталий Хмелевскиймен кездесуі өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды
-
Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалі өтуде
-
Қарағандыда поляк әдеби кеші өтті
-
Ақмола облысының поляктар бірлестігі Ана күнін атап өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
сегодня, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан поляктары одағы» ЗТБ төрағасы Виталий Хмелевскиймен кездесуі өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды
-
Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалі өтуде
-
Қарағандыда поляк әдеби кеші өтті
-
Ақмола облысының поляктар бірлестігі Ана күнін атап өтті