Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2016

1260

Поляктар ұйымдастырған «Менің Отаным» акциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнін атап өту мақсатында  Ақмола облысының поляктары қауымдастығы «Менің Отаным» деген атаумен акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақыру, отансүйгіштіктікке баулу болып табылады. Облыстық поляктар қауымдастығы жетекшісінің орынбасары Людмила Суховецкая аталмыш іс-шараның екінші жыл қатарынан ұйымдастырлып отырғандығын жеткізді. Ол жастар қанатының белсенділерімен бірлесіп  Көкшетау қаласының орталық көшелеріне шығып, көшеде серуендеген халықтан   еліміздің рәміздерін, олардың авторлары мен мағынасы туралы айтып беруін сұрады. Дұрыс жауап бергендерін  арнайы лентамен марапаттап, қолдарына ту ұстатты. Кездескендердің басым көпшілігі өзге ұлт өкілдері болды. Олар Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтып, әнұранды бірге орындап шықты. Ал мектеп оқушылары болса, Елтаңба мен Тудың авторын білетіндіктерін көрсетіп, өз елінің патриоттары екендігін жеткізді. Ал акцияны ұйымдастырушы Людмила Суховецкая болса игілікті іс шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Сонымен қатар бұл күні Ақмола облысының  әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Көкшетау мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті.  Залға жиналған 600-ге жуық студенттер, мемлекеттік қызметшілер мен этномәдени бірлестік мүшелері әнұранды қосыла орындап шықты. Облыс әкімі бұл күні еліміздің өркендеуі мен дамуына зор үлесіне қосқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. 

   

   

 

 

«Қоғамдық келісім»

баспасөз қызметі

Кейін қарай