
02 Сәуір, 2016
1082
«Пуримшпиль» мерекесінде
«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратының алдынан өтіп бара жатқан адамдардың қызығушылығын тудырған «Пуримшпиль» мерекесі үлкен де сәнді залда жалғасын тауып, еврей халқының ән-биіне ұласты. «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей этномәдени орталығы» жыл сайын атап өтілетін «Пурим» мерекесін биыл да кең ауқымда ұйымдастырды. Орталық төрайымы Людмила Корнилина, орынбасары Светлана Гурская, №2 қалалық орта мектептің директоры, жастар және басқа да белсенді мүшелері осы мерекенің қызықты атап өтілуіне атсалысты.
К.Сарымолдаев атындағы балалар мектеп-интернат үйінің кішкентай тәрбиеленушілерін карнавал киімдерін киген Эстар ханшайымы (ТарМу магистранты Тахмина Утесеитова), Орыс сұлуы мен оның досы Рокер (қалалық №2 орта мектептің оқушылары Анастасия Урсаки мен Рустам Миршаипов), техника және бизнес колледжінің студенті Тамара Лячина бастаған бір топ «сығандар» ән-билерімен қарсы алды.
Залға, еврей библиясына енген Мегалит Эстер символын салтанатты түрде алып кіргенде, біздің эрамызға дейінгі 5-ғасырда атақты Ахашверош патша билеген Персия империясының астанасы Шушане қаласында болған оқиғалар желісі туралы баяндала бастады. Вавилондар еврей халқының Бірінші храмын бұзып баса көктеп енгеннен кейін олар өз отанынан Персия, Мидия және басқа да елдерге қоныс атқаруға мәжбүр болған екен.
Аңыз бойынша Ахашверош патшаға еврейлерді империя заңдарына бағынбай өз беттерінше өмір сүретін, мемлекеттің 127 провинциясында тарыдай бытырап жатқан халық деп жеткізеді. Патша оларды жазалауды уәзірінің еркіне береді. Зұлым уәзір жеребе («пур») тастаған кезде, онда еврейлердің көздерін жою туралы нұсқау шығады. Ол жарлығын орындату үшін жан-жаққа жаушыларды аттандырады. Мордехайдан тәрбие алған ақылды сұлу – Эстер (Эсфирь) патшайым жұбайына жалбарынып, өз халқына деген қаһарынан қайтарады. Осылайша бұйрықтың күші жойылады.
Содан бері 2400 жыл бойы еврей халқы өздерін жойылудан сақтап қалған оқиғаны «Пурим» мерекесі ретінде атап өтеді. Екі жарым ғасырға жуық тарихы бар бұл мерекені еврей халқы карнавал шеруі, театрландырылған қойылымдар өткізе отырып, кең көлемде қызықты атап өтуде. Тараздықтар да көңілді шерулерге, ұйымдастырылған байқауларға белсене қатысып, ән-билер орындап, мереке қызығын арттыра түсті.
Кеш барысында маңызды да маңғаз Ахашверош патшасы (теміржол құрылысшысы Сергей Гурский) мерекеге қатысқан жүздері бал-бұл жанған кішкентай балғындарға әдеттегідей тәтті сыйлықтар таратты.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады