Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Желтоқсан, 2015

840

ҚР Мемлекеттік хатшысының дәрісі өтті

2015 жылғы 24 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесі мен ҚХА рөлі» тақырыбында дәрісі өтті. 

2015 жылғы 24 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесі мен ҚХА рөлі» тақырыбында дәрісі өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мен ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, ғылым мен өнер салаларының зиялы қауымы, Астана қаласының студент жастары қатысты. 

Отырысты ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық Меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашты.

Мемлекеттік хатшы 2015 жылы еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткеніне тоқталды. 

Гүлашара Әбдіқалықова тыңдаушылар назарын мемлекет қайраткері ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы әсіресе «қазақстандық экономикалық және әлеуметтік ғажайып құбылыс» деп аталатын оның «Қазақстан Жолын» әлемге танытқан бейбітшілік пен келісім саясатында айқын әрі ерекше көрініс табатынына аударды. 

Г.Әбдіқалықова Ассамблеяның 20 жылдық дамуының қорытындысын шығара отырып, Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық ықпалдасудың конституциялық қағидаттары орныққанын атап көрсетті. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті – «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыруға этномәдени бірлестіктердің, жұртшылықтың, барша халықтың белсене қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Лекция соңында Мемлекеттік хатшы Ассамблеяның басты миссиясы мен міндетінің – Қазақстан халқын біртұтас етіп біріктіру ісінің табысты орындалғанын атап көрсетті. Бүгінде Ассамблея тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, орнықты дамудың кепілі болып отыр.

 

www.akorda.kz

Кейін қарай