
21 Қыркүйек, 2018
1036
ҚР Президенті республикалық аналар Слетінің қатысушыларына құттықтау сөз жолдады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеде өтіп жатқан «Анаға тағзым» аналар слетінің қатысушыларына арналған құттықтау сөзін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқып берді.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті – еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара. Ана – әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі – мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «ана мен баланы қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі» деп жарияладым,- делінген Елбасының құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Слет қатысушыларының жұмысына жеміс тілеген.
Екі күндік слетке Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген барлығы 1200-ден аса делегат жиналды. Шараның басты қатысушылары – мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан әйелдер, көп балалы аналар.
Слеттің салтанатты ашылуы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шараның басты мақсаты қоғам мен биліктің отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қорғауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірігуі, отбасын, ана мен баланы қолдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын атап өтті.
– Бүгінде қоғамның, әсіресе жастардың рухани және моральдық денінің саулығы бірінші кезекте. Мұнда жеке-жеке алғандағы әрбір отбасының «денсаулығының» маңызы зор, -деп атап өтті облыс әкімі өзінің сөзінде.
Ол елдің болашағы үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі проблемаларға қоғамның енжар қарауына құқығы жоқ екенін атап өтті.
– Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, жас отбасылардың ажырасуы, ерте жүктілік – осының бәрі тәрбие беру кезінде жіберілген олқылықтардың нәтижесі. Бұл проблемалар біздің әрқайсысымызды толғандырады. Бүгін біз күн тәртібіндегі сұрақты конструктивті талқылап қана қоймай, осы проблемаларды шешуде нақты ұсыныстарды әзірлейміз деп үміттенемін,-деді Бердібек Сапарбаев.
Шара кезінде сондай-ақ, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Социалистік еңбек ері Вера Сидорова, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, сенат депутаты Сәуле Айтбаева, ҚР еңбек сіңізген қайраткері М.Айтқожина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтыншаш Жағанова сөз сөйледі.
Дата события ассамблеи: 21.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті