Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2015

1269

ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2015 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2015 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аталмыш шараны Алматы қаласындағы Достық үйінің қолдауымен Алматылық кісіподақтар одағы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Салтанатты шараға ҚХА Төраға орынбасары Ни Любовь Августовна, Алматы қаласы ҚХА хатшылық жетекшісі Әбдәлиева Маргарита Әбубәкірқызы, Алматылық кәсіподақтар одағының төрайымы Глазкова Тамара Афанасьевна, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы және қызметкерлері, Алматы қаласындағы кәсіподақ жетекшілері мен мүшелері, ҚР еңбек сіңірген ғылым және өнер қайраткерлері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, корпорация мен мекемелердің, қайырымдылық ұйымдардың өкілдері, БАҚ, студенттер мен жастар қатысты.

  

Шара барысында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Саясаттану кафедрасының профессоры, КСРО халық депутаты Жотабаев Нығмет Рахметұлы қатысушыларға «Қазақстанның Тәуелсіздік Күнінің тарихи маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «ҚХА 20-жыл» медальдары тапсырылып, ғылым және мәдениет қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, кәсіподақ мекемелері, қайырымды жандар мен мецанаттар алғыс хаттармен марапатталды.

Шара соңы қатысушыларды Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің Концерттік оркестірі құттықтап, шағын концерт қойды.

Кейін қарай