01.05.2025
109
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласының Триатлон федерациясымен, Туризм және спорт министрлігімен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, 2025 жылғы 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық «Бірлік жүгірісін» ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қолдау және этносаралық бірлікті нығайту.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық және елордалық этномәдени бірлестіктердің, жастар және волонтерлік ұйымдардың, спорт федерацияларының өкілдері, елорда тұрғындары мен жүгіру клубтары, қала қонақтары қатысты.
Бірлік жүгірісі еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта басталып, 20 мыңнан астам салауатты өмір салтын ұстанушыларды біріктірді. Жартылай марафондық жарыстар, оның ішінде командалық жарыстар, 5 және 10 км спутниктік жарыстар, сондай-ақ балалар және инклюзивті жарыстар ұйымдастырылды.
Мәреге жеткен жүйріктердің әрқайсысы естелік медаль алды. Жас санаттары бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс барысында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен кәсіби төрешілік қамтамасыз етілді. “Бірлік жүгірісі” – жыл сайын өтетін дәстүрлі шара.
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
21 Мамыр, 18:22
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
21 Мамыр, 17:49
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 Мамыр, 10:05
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады