Қазақстан халқы Ассамблеясы

16.12.2025

48

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті достар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке - Қазақстан халқы үшін айрықша мәнге ие. Біз егемен мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосқан аға ұрпақты ризашылықпен еске алып, бүгінде қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді нығайтып жүрген азаматтардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Келісім мен ынтымақ - еліміздің орнықты дамуының берік негізі.

Бірлігімізді сақтап, өзара құрметті нығайта отырып, алға қойған барлық мақсаттарға бірге жетеміз.

Әрбір қазақстандыққа бейбіт өмір, бақ-береке, өсіп-өркендеу және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жоспарлар мен бастамалардың табысты жүзеге асуын тілеймін.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Кейін қарай

Ең оқылымды