05.08.2025
101
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
5 тамыз күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «ҚХА-ға 30 жыл: бірлік пен келісім» атты республикалық этномедиаторлар форумы өтті.
Іс-шараға еліміздің 20 өңірінен 200-ге жуық қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты - этномедиацияны қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мен оларды реттеудің тиімді құралы ретінде талқылау. Спикерлер этномедиацияныңтұрақты қоғамдық дамуға ықпал ететін, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастырудағы маңызды құрал екенін атап өтті.
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары Айгүл Масалимова, ҚХА-ның республикалық этомедиация кеңесінің төрағасы, ҚР Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, PhD докторы Шерзод Пулатов, барлық өңірлерден келген этномедиация кеңестерінің төрағалары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Форумда кәсіби медиаторларды даярлау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, құқықтық ағарту және қоғамда медиативтік мәдениетті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Панельдік сессия барысында қатысушылар өңірлердегі табысты тәжірибелермен бөлісіп, этномедиацияны елімізде одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен болашағын талқылады.
Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтіп жатқан этномедиацияға арналған ақпараттық-ағартушылық марафонның басты оқиғасына айналды.
Марафон аясында еліміздің 20 өңірінде бес мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара өтуде. Бағдарламаға көшпелі тренингтер, дөңгелек үстелдер, подкасттар, авторлық арнайы курстың тұсаукесері және дауларды соттан тыс реттеу мен этносаралық келісімді нығайтудың тиімді тетігі ретінде этномедиацияны танымал етуге бағытталған басқа да бастамалар кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый