07.08.2025
75
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенділері және Жезқазған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік саласындағы қызметкерлері Ұлытау облысында жаңадан іске қосылған респиратор өндіретін зауыттың жұмысымен танысты.
Аталған нысан - өңірде соңғы үш жылда жүзеге асырылған он екінші инвестициялық жоба. Жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын зауыт жылына 5 миллионнан астам жеке қорғаныс құралын өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 40-қа жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаны жүзеге асырушы - «Ulytau Industrial Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру, өндіріс қызметкерлерінің үлесін кең көлемде насихаттау және әлеуметтік-еңбек жағдайларын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында зауыт қызметкерлерінің пікірлері тыңдалып, өндірістегі табыстар мен кездесетін мәселелер ашық форматта ортаға салынды. Қатысушыларға еңбек адамын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік жеңілдіктер мен кәсіби дамуға арналған мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды.
ҚХА өкілдері өз сөздерінде жұмысшы мамандықтарының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, адал еңбекті бағалау мен оған деген құрметті арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Зауытты іске қосқан инвестор Қалмұрат Мәдишев:
«Қазір біз Ұлытау облысының кәсіпорындарын өніммен қамтамасыз етіп отырмыз. Күзге қарай өндірістік қуатымызды арттырып, Қазақстан нарығына толық көлемде шығуды жоспарлап отырмыз. Бұл қызметкерлер санын көбейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған бұл сапар - еңбек адамына деген нақты қолдау мен құрметтің айқын көрінісі. Сонымен қатар, мұндай шаралар өндіріс саласының дамуына, әлеуметтік жауапкершіліктің артуына және қоғамда еңбек мәдениетін нығайтуға оң ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37