
31 Мамыр, 2015
1358
«Репрессия құрбандарын еске алды»
Жылдағы дәстүр бойынша Қарағанды қаласының маңындағы Спасск мемориалдық кешенінде 31 мамыр - Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған қаралы митинг болып өтті. Митингіге облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыстағы этно-мәдени орталықтардың, діни бірлестік өкілдері және Қазақстанда тіркелген шетелдік елшіліктердің ішінде Испания, Эстония, Литва, Франция, Латвия, Румыния, Оңтүстік Корея мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері, Польша елшілігінің өкілі қатысты.
Алдымен облыс әкімі мен елшілік өкілдері Қазақстандағы 1932 жылғы аштық құрбандарына арнап орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Митинг ашық деп жарияланып, облыс әкімі Н.Әбдібековке сөз беріліді.
- Бүгін біз осынау киелі топырақта саяси құғын-сүргіннің және тоталитарлық жүйе құрбандарын еске алуға жиналып тұрмыз - деді сөзінің басында аймақ басшысы. - Сол асыл азаматтардың есімдерін қайта жаңғыртуға, оларға қатысты тарихи әділдікті орнатуға еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың «Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні туралы» Жарлығы бастама болғаны белгілі. Осы күні біз аштық құрбандарын да еске аламыз. Күштеп колхоздастыру тәрізді солақай саясаттың кесірінен 1,5 миллион қазақтар аштан қырылды. Мұнымен қоса Қарағанды жерінде тоталитарлық жүйенің символына айналған аты-шулы КарЛАГ-тың лагерлері болғаны мәлім. Онда миллиондаған түрлі ұлттардың өкілдері азап шегіп, адамтөзгісіз жағдайда тұтқында болды. Олардың көбі осында қаза болды. Спасск лагерінде әскери тұтқындар болып, көбі осы жерге жерленді. Соған орай Спасск мемориалдық кешеніне алғашқылардың бірі болып жапондықтарға, француздарға, румындарға, немістерге ескерткіш белгі қойылды. Қазірдің өзінде осында 10-нан астап мемлекет әскери тұтқында болып, қайтыс болған жерлестеріне ескерткіш қойды. Әлі де жалғасып жатыр. Біздің еліміз бұрынғы кеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып жазықсыз жапа шеккен азаматтарға қатысты тарихи әділдікті орнатты. Біздің еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап татулық, достық, теңдік жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніңіз біздің жерімізге заңсыздық жылдарының қайтып келмеуінің кепілі! - деп облыс әкімі сөзін аяқтады.
Бұдан соң аштық құрбандарына арнап облыстың бас имамы Өмірзақ Бекқожа құран бағыштады. Басқа да дін өкілдері уағыз оқып, діни рәсімдерін жасады.
Митингіде депортацияға ұшыраған халықтар өкілі Х.Муступиев, жастар ұйымының өкілі Ш. Несіпбеков сөз сөйлеп, жазықсыз жапа шеккендерді кейінгі ұрпақ ұмытпай, тағзым ту керектігін атап өтті. К. Станиславский атындағы орыс драма театрының артисі Г.Турчина атақты АЛЖИР-дің Ақмола лагерінің тұтқыны болған Гертруда Платайстің естілігінен үзінді оқыды.
Бұдан әрі митингіде испандықтар мен эстондықтарға арналған ескерткіш белгінің ашылу рәсімі болды. Оны ашуға қатысқан Эстон Республикасының бурынғы президенті Арнольд Рюйтель және Испанияның Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Мануэль Ларотча сөз сөйледі. Спасск мемориалдық кешеніне жерленген өз жерлестерін еске алды. Ескерткіш қоюға мүмкіндік берген Қазақстан еліне ризашылык білдірді. Ескерткіш білгіге гүл шоқтары қойылды.
Қаралы митинг осымен аяқталды. Осы күні Испания мен Эстониядан келген делегация өкілдері Долинка поселкесіндегі саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға барып, оны аралап көрді. Дәл осы күні облыстық барлық мешіттері мен шіркеулерінде арнап кұран оқылып, уағыз айтылды.
Қаралы митингіге Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков, ОБСЕ-нің өкілі Рати Джапаридзе, Эстония елшісі Яан Рейнхольд, Франция елшісі Франсис Етьен, Оңтүстік Корея елшісі Чо Ёнгчон және тағы басқалар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады