10 Маусым, 2019
2651
Ресей делегациясы екіжақты байланысты дамыту үшін жобаларды жүзеге асырып, тәжірибе алмасуға әзірліктерін білдірді
Елордадағы Достық үйінде Ресей делегаттары А. Кавинов пен А. Середа қонақта болып, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы мен елордалық этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей мемлекеттік думасының өкілдері Достық үйінде Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің құндылықтарын, патриоттық тәрбие және әлеуметтік жауапкершілігін жаңғырту мен насихаттау мақсатында ашылған «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығы мен көрмесін аралап көрді.
Достық үйіндегі оқыту шеберханалары негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына және жұмыссыз әрі көпбалалы әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында тегін өтіп тұратын, белгілі этно дизайнер Ы.Тұрсынзаданың кезекті тігін шеберлік сыныбының соңғы күні еліміздің әр түкпірінен келген көпбалалы аналар мен аяулы қыз-келіншектер де «Аналар аманаты» көрмесімен танысты.
Достық үйіндегі көрме алаңында кездейсоқ бас қосып, дәмді бауырсақтан ауыз тиіп, ыстық шаймен жылынған көпбалалы аналар Ресейден келген қонақтармен танысып, суретке түсіп, мәз-мейрам болысты.
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен Ресей делегациясы елордалық этномәдени орталықтарының жұмысын талқылап, өзекті мәселелерді шешу және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Ассамблея қызметіне, Достық үйіне алғыстарын білдіріп, қазақстандықтардың қонақжайлығына риза болған қонақтар, «орыс этномәдени орталығының жұмысына қолдау көрсетіп, екі елдің достық қарым-қатынасы мен этностық байланыстарын нығайтуда өз көмектерін аямайтынын», сондай-ақ «қазақ-орыс байланысын дамыту мақсатында көптеген қызықты жобаларды жүзеге асырып, тәжірибе алмасу керектігін» атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55