25 Қазан, 2016
1008
РЕСЕЙДІҢ ТЕҢІЗ ӘСКЕРЛЕРІ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ
2016 жылға 22 қыркүйекте Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен этномәдени бірлестік мүшелері Ресейдің әскери-теңіз флотын қарсы алды.
Мекеменің қонақжайлылығына бөленген 100-ден астам әскерлер, 20-ға жуық капитандар мен генералдар қазақтың ұлттық сусындары – шұбат пен айран ішіп, бауырсақ пен құрттан дәм татты. Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында қонақтар Достық үйі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысты.
Іс-шара барысында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников мұражайдағы «Тілек кітабына» ізгі-тілектерін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Ол Достық үйі қызметкерлерінің атқарып жатқан игі істеріне зор табыс тіледі. Сондай-ақ, елші этномәдени бірлестік өкілдерімен өткен кеңейтілген отырысқа қатысты.
Қонақтарға арналған мерекелік концертте Дағыстан мен «Самур» лезгин этномәдени бірлестіктерінің «Шадвал» би ансамблі өнер көрсетті. Теңіз әскерлері жақсы көңіл-күйге бөленіп, шапалақтарын аямады. Іс-шара соңында олар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды