31 Мамыр, 2021
644
Республикада алғаш рет «Этномедиация» әдістемелік құралы әзірленді
Медиация институтын дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, өйткені этносаралық келісімді қамтамасыз ету медиативтік міндеттермен тікелей байланысты.
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде осы бағытта жұмыс атқарған Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының кәсіби медиаторлар тобы бірлесе елімізде алғаш рет «Этномедиация» (этносаралық және мәдениетаралық дауларды шешудегі медиация) әдістемелік құралын әзірледі.
Аталған әдістемелік құрал қоғамда болып жатқан жағдайлардың көрінісі емес. Ол осындай жағдайларға жол бермеу және алдын-алу шараларына арналған. Авторлар заңнамалық нормативтік құжаттарға, әдістемелік әдебиеттерге және қызықты ғылыми мақалаларға негізделген теориялық негіздерді де, практикалық қосымшаларды да дайындады.
Шараға Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын қатысып:
- Бүгінгі таңда бұл тақырып, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Өйткені, оның ең басты міндеті - мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады, - деді.
Тұсаукесер барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми - сараптамалық кеңесінің, Медиация жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы татуластыру орталығының басшысы, «Zolotaya seredina - SM» ҚБ президенті Света Шардарбекова сынды оқу құралының авторлары әрі медиация бойынша сертификатталған жаттықтырушылар сөз сөйледі.
Қарағанды Ассамблеясының медиаторларының жан-жақты, нәтижелі жұмысын атап өткен Шерзод Пулатов, осы саланы дамытудағы бірлескен қызмет үшін облыстық ішкі саясат басқармасына да алғысын білдірді.
Шара соңында ұйымдастырушылар аталған әдістемелік құралды қалай алуға б
олатынын түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті