Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Наурыз, 2017

1047

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ КҮН ШЕҢБЕРІНДЕ

Бүгін «Достық үйінде» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуіндегі конституциялық реформаларға енгізілген өзгерістерді талқылау қорытындыларын шығару бойынша Республикалық бірыңғай күн аясында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Маңғыстау облысы әкімі апаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы, «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Іңірбаев Есберген Іңірбайұлы, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ауған соғысының ардагерлері, облыстың жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Үндеуіндегі талқыланған конституциялық реформалардың қорытынды пікірлерін шығару. Оны іске асыру бойынша барша Қазақстан азаматтарының үлес қосу маңыздылығын түсіндіру.

Дөңгелек үстелде Маңғыстау облысы «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Есберген Іңірбав конституциялық реформаларға енгізілген өзгерістер аса тапқыр шешім екенін айтты. «Жергілікті атқару органдарына берілетін билік, олардың жауапкершілігін нығайта түседі. Ал заң шығарушы Парламенттің саяси белсенділігі артады» дейді Есберген Іңірбав.

Жиынға қатысушылардың барлығы конституциялық реформаларға енгізілген өзгерістерге бірауыздан қолдау білдірді. Олар Елбасының қандай шешім қабылдаса да оң нәтижесін береріне кәміл сенімді.

«Елбасының Қазақстан халқына бұл Үндеуі тарихта қалатыны сөзсіз. Бұл саяси өзгерістерге тек қазақстандықтар ғана емес, шет елдік саясаткерлер де жоғары баға берді», - деп сөзін түйіндеді Гүлжан Мақсұтқызы Исмурзина.

Кейін қарай