Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Ақпан, 2016

744

республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының кеңесі болып өтті

2016 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40, орталық зал) республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының кеңесі болып өтті. 

Кеңеске ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі   Е.Л.Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.А.Ни, ҚХА Кеңесінің мүшелері мен республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты. 

Кеңес барысында «ҚХА-ның этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік бағдарламаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасының» Іс-шаралар жоспарын  іске асыру,
1 наурыз – Алғыс айту күнін ұйымдастыру мен өткізу, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын депутаттарын кезектен тыс сайлауды дайындау және өткізу мәселелері қаралды. 

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі   Е.Л.Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.А.Ни,   Алматы қаласы мәслихатының хатшысы К.О.Қазанбаев, «Қазақстанның «Мицва» еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басшысы А.Барон, 5-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С.Мурадов, «ҚР «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығы» РҚБ төрағасы   А.М.Карапетян, «Курдтердің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ төрағасы   К.И.Мирзоев, «Достық - Дружба» журналының бас редакторы З.К.Сейсенова,  «Павлодар карачай-черкес және кабардин-балкар ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ құрметті төрайымы Л.Х.Хочиева, «Алматы корей ұлттық орталығы» ҚБ төрағасы Б.С.Шин, «Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Ф.Захаров сөз сөйледі.

   

Кейін қарай