11 Тамыз, 2022
471
Республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесу
2022 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Төрағаның орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г.Н. Шойкин және республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты бірқатар өзекті мәселелер, Ассамблеяның 31-ші сессиясының шешімін іске асыру және жаңа Қазақстан құрылысының аса маңызды кезеңі – алғашқы ұлттық Құрылтайдың қорытындылары талқыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары өз сөзінде: «Этномәдени бірлестіктердің белсенділері бірлік пен келісімді нығайту және мемлекеттілік қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтық борыш пен жауапкершіліктің, жоғары қазақстандық патриотизмнің үлгісі бола алатынына сенемін», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, М.Әзілханов «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесуде қатысушылар жаңа Қазақстанның саяси реформаларын жүзеге асырудағы жастардың рөлін, жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ қатысушылар «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қалалық филиалының жұмыс қорытындыларымен және жоспарларымен бөлісті.
«Ел бірлігі біздің өзара ынтымақтастығымыздан басталады, сондықтан сіздердің қызметтеріңіз біз үшін өте маңызды. Біз жастардың бастамаларын үнемі қолдаймыз. Жақында Ассамблеяның «Жастар кадрлық резервін» аштық. Бұл қадам жастарды ынталандырып, олардың мемлекеттік қызметте немесе басқа да салаларда өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Мен жастардың өмірде табысқа жетуіне тілектеспін жіне үлкен үміт артамын», –деп атап өтті өз сөзінде Ассамблея Төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар Марат Әзілханов этнос өкілдеріне арналған Қазақ тілі курсының жетекшісі Оксана Набиевамен кездесті.
Сұхбат барысында мемлекеттік тілді оқыту әдістерін жетілдіру және жүйелеу, қазақстандық этностар өкілдерінің тілді оқып-үйренуіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ тілін үйренуге байланысты барлық жобаларын үйлестіру және өңірлерде оқыту тәжірибесін кеңейту мәселелері күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты біз осы мәселе бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз және жаңа идеяларға ашықпыз», – деп түйіндеді Марат Әзілханов.
Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тіл курсының жетістіктері үшін алғыс білдіріп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Акбаржон Исмаиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08