Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қыркүйек, 2015

1622

Республикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы Солтүстік Қазақстан облысында 16-17 қыркүйек

«Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедиция болғандықтан, барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды оқиға.

«Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедиция болғандықтан, барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды оқиға.

Экспедицияның мақсаты: тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау негізінде ұлттар бірлігін және азаматтық бірегейлікті нығайту және сақтау.

Солтүстік-Қазақстан облысына экспедиция 16 қыркүйекте келді.

Қатысушылар үшін қызықты және ауқымды бағдарлама Айыртау ауданының тұрғындарымен кездесуден басталды, ол «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңсесінде ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған сәндік-қолданбалы бұйымдар мен түрлі ұлттық тағамдар экспедиция мүшелеріне өте ұнады.

Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наил Кәмілұлы Сәлімов «Ұлы Дала елі» біздің мемлекетіміздің тарихын одан әрі дамыту үшін қуатты серпін болады деп атап өтті.

Айыртау ауданының әкімі Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров экспедиция қатысушыларына Айыртау ауданының ерекше тарихы туралы,  Шоқан Уәлихановтың, ұлы даланың атақты ақындары Орынбай Бертағұлы, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың алтын бесігі болған Айыртау жерінің мәдениеті мен табиғаты туралы әңгімелеп берді. "Біздің ауданымыздың жерінде атақты Ағынтай мен Қарасай батырлар жерленген. Біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында ата-бабаларымыздың мұрасына қамқорлықпен қарап, қазақстандық патриотизмді және ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуымыз керек" – деді ол.

«Ұлы Дала Елі» экспедициясының жетекшісі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ әдістемелік қамтамасыздандыру және ғылыми-талдау жүрізу қызметінің басшысы Нұрбек Уахапұлы Шаяхметов экспедицияның негізгі мақсаты: ата-бабаларымыздың мәдени және тарихи құнды мұрасын таныту және насихаттау, қазақстандықтардың ұлттық және мәдени бірегейлігін нығайту, - деп атап айтты.

«Ұлы Дала Елі» ерекше жобасының маңыздылығы туралы ҚХА ғылыми-талдау кеңесінің мүшесі Госман Төлеғұлұлы Төлеғұлов, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, халықаралық «Tұран Экспресс» газетінің бас редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Видади Караевич Салахов, Қазақ географиялық қоғамының мүшесі Мағжан Сағымбаев, Айыртау ауданының құрметті азаматтары Анатолий Игнатьевич Mигаль және Тайлақ Наушанұлы Жалмұрзенов әңгімеледі.

Пленарлық отырыстан кейін экспедиция мүшелері ауданның ескерткіштерін көруге мүмкіндік алды. Айғаным үйіне жақын жерде көрсетілген, тарихи оқиғалар негізінде қазақ ұлттық би композициясы және ауылдың тұрмысы жайлы  театрландырылған қойылымды қонақтар үлкен қызығушылықпен аудара көрді.

Біздің аудан шеберлерінің сәндік-қолданбалы бұйымдарымен, энеолит дәуіріндегі Ботай тұрақтары және тарихы, туристік өнімдер көрмесімен танысты. Экспедицияның тарихшылары мен географтары үшін ең маңызды оқиға Айғаным үйіне және Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи- этнографиялық музейі бару болды.

"Айғаным үйі"- бұл музей кешені ағаштан жасалған ХІХ ғасырда салынған сәулетті ескерткіш. Сырымбет ауылында орналасқан кешенде Шоқан Уәлихановтың әжесі үшін қажетті отырықшы өмір салтына арналған ғимараттар жинағы: үй, диірмен, монша және басқа да шаруашылық құрылыстары бар.

Шоқан Уәлихановтың тарихи-этнографиялық музейі республикалық маңызы бар ескерткіштерге жатады. Ол қазақ ғалымының 150 жылдығына арналып, 1985 жылдың қараша айында ашылды. Мұнда Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы баяндайтын 6530 экспонат бар.

17 қыркүйекте Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне бару ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл кешен Мәдениет ауылының маңында 1999 жылғы 15 қазанда ашылған. Ол қазақтардың рухани мәдениет ескерткіші болып табылады.

Сондай-ақ, профессор Виктор Федорович Зайберттің ұсынысымен экспедиция мүшелері Ботай ауылының археологиялық қазба жұмыстарының куәсі болды. Бұл бірегей археологиялық нысан. Тұрақтардың энеолит дәуіріне жатады, ал көптеген радиоуглерод құралдары б.д. д. ІІІ ғ. бірінші жартысындағы ІV ғ. ескерткіштеріне жатады.

Бірнеше маңызды археологиялық және мәдени орындарға барған экспедиция мүшелері күнделіктеріне қажетті тарихи ақпаратты жазып алды.

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" ММ

«Қоғамдық келісім» КММ пресс-хатшысы

М.Чернышова

"Айыртауские зори" аудандық газетінің тілшісі

И.Бурковская

Кейін қарай