Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қыркүйек, 2015

1353

Республикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясының күнделігі Солтүстік Қазақстан облысында

2015 жылғы 18 қыркүйекте республикалық тарихи-мәдени  экспедиция Петропавл қаласына келді.

2015 жылғы 18 қыркүйекте республикалық тарихи-мәдени  экспедиция Петропавл қаласына келді. Мәдени бағдарлама бұл күні солтүстікқазақстандықтар үшін аса  маңызды іс шара - Қазақстан халқы тілдерінің XVII облыстық фестивалімен  басталды. Іс-шараға облыстың аудандарынан және Петропавл қаласынан 500-ден астам адам қатысты. Фестивальдің ашылу салтанаты басталар алдында M. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті фойесінде этномәдени бірлестіктердің сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, барлық солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтады.  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында бұл мерекенің мәні арта түседі, - деді ол, - өйткені, біздің елімізде  130 этностық топ өмір сүреді және олардың өздерінің ана тілін үйренуге мүмкіндіктері және құқықтары бар.

Солтүстікқазақстандықтар «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы келуінің ерекше маңызын атап өтті.  Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптамалық кеңесінің мүшесі  Госман Төлеғұлұлы Төлеғұлов сөйлеген сөзінде экспедицияның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан  «Raдзіма» беларусь этномәдени орталығының төрайымы сөз сөйледі.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Петропавлда экспедиция мүшелеріне: Абылай хан резиденциясына, облыстық тарихи-өлкетану музейіне бару,  С. Мұқанов  атындағы облыстық кітапханада «Жер тарихы – Ел тарихы» атты дөңгелек үстел өткізу сияқты ауқымды бағдарлама дайындалған болатын.

"Абылай хан резиденциясы" музей кешені -  XVIII ғасырдағы сәулет  ескерткіші. Ол 1965 жылы күзде салынған болатын. Бұл тарихи кешенде кеңсе, ханның жатын бөлмесі және қонақ қарсы алатын үй бар. «Абылайдың ақ үйі» - бұл ұлы хан өмірі мен шығармашылығы туралы мол ақпарат алатын жер, оның залдарына келушілерге оның қоғамдық қызметімен, Абылай билеген кезеңге байланысты құжаттармен танысуға болады. Жаңартылған музейді 2008 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын. "Абылай хан резиденциясы" музей кешеніне 4 экспозициялық зал кіреді: «Абылай хан - ұлы мемлекет қайраткері», «Абылайдың өмір кезеңдері 1711-1770 жылдар», «Жатын бөлме», «Тақ залы».

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1924 жылы ашылған, XIX ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіші.

Музейй экспозициясында 350000-нан астам сақталған заттар ұсынылған. Экспозиция ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін жалпы тарихи иерархияға негізделіп құрылған. Экспозицияның елеулі орнын Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуын көрсететін көрме алып жатыр. Онда үш зал бар: «Қазақстан тәуелсіздік жылдары», «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысы», «Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы». Залдарда көрсетілген экспонаттар экономиканың дамуын, қоғамды демократияландыру және халықаралық қатынастар туралы мазмұндайды. Мұражайда барлығы 13 зал орналасқан.

 

С. Мұқанов  атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында  «Жер тарихы – Ел тарихы» атты дөңгелек үстел өтті. Онда Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ хатшылығының қызметкерлері,  мәдениет басқармасы, мұрағаттар мен ісқағаз, M. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары, музейлер, кітапханалар өкілдері, облыстық мұрағат, «Асыл мұра» қоғамы, Ардагерлер кеңесі, Петропавл қаласы колледждерінің тарих мамандығығы студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан халқының тарихи және мәдени құнды мұрасын таныту және насихаттау, қазақстандықтардың ұлттық және мәдени бірегейлігін нығайту болып табылатыны атап көрсетілді.

Дөңгелек үстелді құттықтау сөзбен ашқан «Ұлы Дала Елі» экспедициясының жетекшісі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ әдістемелік қамтамасыздандыру және ғылыми-талдау жүрізу қызметінің басшысы Нұрбек Уахапұлы Шаяхметов экспедицияның негізгі мақсаты мен міндетін, өткен жолдары, көрнекті жерлер, зерттелген объектілердің тарихи және мәдени ерекшеліктері туралы айтып өтті.

«Ұлы Дала Елі» жобасының маңыздылығы туралы ҚХА ғылыми-талдау кеңесінің мүшесі Госман Төлеғұлұлы Төлеғұлов, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, халықаралық «Tұран Экспресс» газетінің бас редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Видади Караевич Салахов, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдары кандидаты Жанбек Сабит ой бөлісті.

Экспедиция жетекшісі Нұрбек Шаяхметов Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға  Қазақстанның түрлі кезеңдердегі тарихы туралы, этностық саясаты, мәдени мұралары туралы кітапты сыйға тартты.

Қатысушылар тарих саласындағы тәжірибелері, мәдениеттер, археологиялар, туризм, этностық саясат туралы айтып, әңгімеге белсене қатысты.

Петропавлдықтар Астана қаласынан келген экспедиция мүшелеріне дөңгелек үстелдің ауқымды және қызықты бағдарламасы үшін алғыстарын білдірді және алдағы уақытта оларға  артқан міндеттерін орындауда табысты еңбек, «Ұлы Дала елі» тарихи-мәдени экспедициясының Солтүстік және Орталық бағыттарында құнды материалдар жинауда өз миссияларын жүзеге асыруды тіледі.

Кейін қарай