25 Қараша, 2019
3261
Республикалық «Мың бала» жобасы қорытындыланды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Оқушылар сарайында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының республикалық қорытынды кеші өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан келген мемлекеттік тілде сөз өнерінің мерейін үстем еткен жас ұландар астана төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған марапаттау салтанатына қатысты.
Айта кету керек, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларының, студенттердің мемлекеттік тілді меңгеруі мен олардың ұлттық құндылықтарды сіңіруіне бағытталған шара. Ол бұған дейін еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, әр аймақ өз жеңімпазын анықтаған болатын. Аталмыш шара «Тіл мектебі» авторлық бағдарлама, «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, әлеуметтік желіде жарияланған «Ózim týraly» видеороликтері, «Sen de bir kirpish dúnıege...» эссе байқаулары бойынша ұйымдастырылған.
Марапаттау кешіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ш.Пулатов, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы М.Споткай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі М.Санбаева, белгілі журналист О.Лоскутова қатысып, жас көркемсөзшілер мен өнерпаздарға естелікке Алғыс хатпен бірге ұлттық музыкалық аспап – домбыраны сыйға тартты.
Кеш барысында ұйымдастырушылар тарапынан көрерменмен викториналық, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жоба қатысушылары өз өнерлерін ортаға салып, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтты, би биледі.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38