Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қаңтар, 2018

1196

Рождестволық таңғажайып

Балалық шақ – таңғажайып оқиғалар мен тосын сый, ата-ана ошағы мен махаббатының жылуы, көптен күткен сыйлықтар мен шексіз қуаныш уақыты. Ал Жаңа жылдық мерекелер мен Рождество қарсаңында әр бала үй ішін ертегі жайлайды деп күтеді. 

«Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы Петропавл қаласының Н. Погодин атындағы драма театрында балғындарға Рождестволық таңғажайып ертегі сыйлады. Шыршаға ата-аналарымен бірге жүздеген балалар жиналды. Отандастарын мерекемен құттықтауға Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, бірыңғай казак одағының жоғарғы атаманы Юрий Захаров келді.

   Балғындар Аяз атаны қарсы алып, шырша шамын жақты, қол ұстасып рождестволық әндер шырқады, күтпеген жерден жауыз Тышқандар патшасы келіп, Ақшақарды ұрлап әкетті. Балалар онымен батыл түрде күресіп, оны қуып жіберді және Аяз атаға сүйікті немересін қайтарды. Көңілді билер мен әндерден кейін қонақтар көрермендер залына бет бұрды, онда балаларға  «Щелкунчик» атты қойылым көрсетілді.

Сахнада сұлу Мари мен Щелкунчик туралы рождестволық оқиға орын алды, олар Тышқандар ханшасы мен оның жас ханшайымға үйленуді армандаған ұлының сиқырынан құтылуға тырысты. Көрермен қауым сахналық образдар мен әртістердің шеберлігіне тәнті болды. Зұлымдарды жеңген Щелкунчик әдемі ханзадаға айналды, ал Мари олардың сиқырынан құтылып, екеуінің жүректері бірге соқты. Кез келген ертегі секілді, кішкентай Маридің түсі аяқталып, бұл күн әр көрерменнің есінде жақсылық жамандықты жеңіп, бақыт пен қуаныш салтанат құратын рождестволық тағажайып ретінде қалды.

Дата события ассамблеи: 09.01.2018

Кейін қарай