07 Тамыз, 2017
957
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи зерттеулерді жүзеге асыру бойынша аймақтық пікір-таластық алаңның жұмысы өтті. Кездесу барысында алғаш рет Павлодар облысы әкімі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің (ПМУ) Қазақстан тарихы кафедрасының негізінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалын ашу туралы келісім бекітілді.
Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директоры Зиябек Қабулдинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, облыстық басқарма басшылары мен тарихшылар және өлкетанушылар қатысты.
Пікір-талас алаңының жұмысы барысында аймақтық әкімшіліктің қаржылық қолдауымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен жергілікті тарихшы-ғалымдардың күшімен үш томдық «Павлодар облысының тарихы» атты іргелі ғылыми басылымды әзірлеудің мәселелері талданады.
Сонымен қатар, өлкенің тарихшыларын Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты жүзеге асырып отырған жобаларға тарту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іргелі ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша ортақ жобаларды әзірлеу мәселелері талданады.
Қазақстан тарих және мәдениет институтының директоры Қайрат Батталовтың айтуынша, ПМУ ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық реестрге өз жобаларын берген. Мәселен, Сабындыкөл-3 археологиялық ескерткішін қайта құру жөнінде және тағы да басқа.
- Қазіргі таңда Павлодар облысы географиясының сакралды картасын құрастыру жөніндегі жұмыстың басталғанын атап өткен жөн. Бұл ежелден бергі киелі саналған нысандарды қамтитын болады. Екіншіден, бұған қасиетті әулиелер өмір сүрген және жерленген жерлер, үшіншіден, маңызды тарихи оқиғаларға байланысты нысандар кіреді. Мәселен, қазақтар мен жоңғарлардың шайқасы болған Қалмаққырылған тауы секілді жерлер соларға жатады, - дейді Қайрат Батталов.
Дата события ассамблеи: 08.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті