23 Қараша, 2017
955
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау» форумы
Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қараша күні, сағат 15.00, Достық үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау» форумы өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық кодымызды әлемге танытып, жаңаша дамуға бастайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша жұртқа ерекше әсер етті. Бүгінгі күні бұл бағыттағы бағалы бастамалар, нәтижелі жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Облыстық Ассамблея жыл сайын әр өңірде өткізуді дәстүрге айналдырып, Отанымызға оралған ағайындармен қауышатын «Қазақстанға ыстық ықыласпен», және «Атажұртты аңсау» тақырыбымен форумдар өткізілуде.
Модератор: Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай.
Форумға «Достық үйі - Қоғамдық келісім кеңесінің» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Республикалық Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының орталық аппарат меңгерушісі Ахметов Серікхан Қалибекұлы, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары дәрежелі дәрігер, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері Жасан Зекейұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісі Жайнақ Дамер Асқарәліұлы, Алматы облыстық мемлекеттік қызмет, банк және әлеуметтік сала қызметкерлері салалық кәсіподағы басшысының орынбасары, Талғар аудандық мәслихат депутаты Әбдіғали Бәзілхан, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы, облысымыздың аудан, қалаларынан мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, ақын, жазушылар, ұстаздар, дәрігерлер, білім, ішкі саясат, мәдениет бөлімінің қызметкерлері, кәсіпкерлер, еліміздің өркендеп дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтар, «Достық үйі - Қоғамдық келісім кеңесінің» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Негізгі баяндама: Жайнақов Дамир Асқарәліұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісі.
Жарыссөзге шыққандар:
Жасан Зекейұлы - Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары дәрежелі дәрігер, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері, Әбдіғали Бәзілхан - Алматы облыстық мемлекеттік қызмет, банк және әлеуметтік сала қызметкерлері салалық кәсіподағы басшысының орынбасары, Талғар аудандық мәслихат депутаты, Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы - Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы, Қажет Андас – облыстық Жетісу газетінің меншікті тілшісі. Қорытынды сөз, Қонысбаев Құтмағамбет Талапбайұлы - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісінің орынбасары.
Форум арнайы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Дата события ассамблеи: 23.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 18:17