
25 Қазан, 2017
686
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің «Ауылым - алтын қазынам» IV облыстық форумы
25 қазан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына қол жеткізу үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» және т.б. бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету. Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені облыс аумағындағы елді мекендерге тарату, насихаттау мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 500 адамның қатысуымен, Қоғамдық келісім кеңесінің «Ауылым - алтын қазынам» IV облыстық форумы өтті.
Форум аясында аудан, қала, ауылдық округ Қоғамдық келісім кеңестері жұмысының «Ауылым - алтын қазынам» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғ.Сарыбаев, облыстық басқарма басшылары, ардагерлер кеңесі, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлім басшылары, аудан, қала, ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары және мүшелері, аналар кеңесі, этномәдени орталықтардың төрағалары, белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
Форумда Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы төрағалық етті.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғ.Сарыбаев, Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Панфилов аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Р.Айсаев, Көксу аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, орыс этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Л.Котельникова, Іле аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Чатуев, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ж. Баймадиева, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» заңгер – медиаторы А.Махмет баяндама жасады. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы қорытынды сөз сөйледі.
Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым - алтын қазынам» форумының жеңімпаздары Қазылар шешімі бойынша үшінші орын Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласы иеленді. Екінші орынды Іле, Ақсу аудандары алса, бірінші орын Еңбекшіқазақ ауданына бұйырды, ал бас жүлдені Қарасай ауданы жеңіп алды. Форум жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Дата события ассамблеи: 26.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті