Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қазан, 2015

1100

«Руханият күні –тұрақтылық негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2015 жылдың 16 қазанында «Қоғамдық келісім» КММ-де ұйғыр этномәдени бірлестігі ақсақалдар, әйелдер кеңесінің, жастар қанатының және облыс орталығындағы қазақ-орыс мешіттері имамдарының қатысуымен «Руханият күні –тұрақтылық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы М.Тұрдыева кіріспе сөзбен ашып, алдағы 18 қазан Руханият күні мерекесі екенін айта келіп, қатысушыларды осы мерекемен құттықтады.

Дөңгелек үстелде облыстық «һибатулла-Тарази» мешіті бас имамның орынбасары Т.Тілманбетов, «Успения Божьей матери» храмының протоиерейі Отец Петр, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Кислов, «Шиват Цион» облыстық еврей этномәдени бірлестігінің өкілі М.Бунин, Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Мусаев, №2 орта мектеп директоры С.Багданова күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып, қатысушыларды алдағы болатын Руханият күні мерекесімен құттықтады.

Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы М.Тұрдыева облыстық мешіттерден келген өкілдерге бірлестік атынан мереке күніне орай имандылық жайлы кітаптардан сый-сияпат жасады. Дөңгелек үстелге сонымен қатар №2 орта мектеп оқушылары қатысып, «Руханият күні – тұрақтылық негізі» жайлы айтылған пікірлерден өздеріне қажетті имандылық сабақтарын алды.

Кейін қарай