
10 Маусым, 2016
791
«Русский богатырь», қош келдің!
Бұл күні ауа райы қуантпады, қатты жел соғып, жаңбыр тамшылап тұрды, кейін күннің көзі де ашылды. Мұның бәрі қалыптасқан дәстүр бойынша Есіл өзені жағасындағы Солнечный кентінде өткен «Русский богатырь» облыстық спорттық мерекесінің қатысушыларына кедергі болмады. Қатысушылар мейрамға жыл бойы дайындалады. Ол «Русская община Казахстана» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Н. Авдеевтің және «Братство сибирских казаков» ҚБ атаманы Виктор Тарановтың бастамасы бойынша өткізілуде және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.
Жарыстарға дайындық аяқталды, барлық снарядтар белгіленіп, сапқа тізілді, мұнда жарыстың барлық түрлері жарияланды, ал олардың саны – 10, сөйтіп, спорттық бәйге де басталып кетті.
Бірінші болып жанкүйерлер үшін ең қызықты, ең қиын кедергілері бар эстафета бастау алды. Уақыт белгіленіп, Есілдің шөп басқан тік жағасына тікенекті сымға тимей, екі рет мініп, түсу керек, оннан астам метр жер бауырлап жылжып, кейін пневматикалық винтовкадан нысанаға дөп тигізу керек. Ең шапшаң Михаил Останин болды.
Осы жерде «Биіктікті алу» эстафетасы да болды, Николай Алексеев жеңімпаз атанды.
Спорттық жарыс қыза түсті. Ендігі назар жарыстың күш-қуат түрлеріне алмасты. Бұл – зілтемірді жатып көтеру, 40 кг дейінгі зілтемірді жатып көтеру, гір көтеру. Бірінші сайыс - зілтемірді жатып көтеру номинациясында үш талпыныстан кейін өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығасына байлағандар:
- 75 кг дейін – Артём Антонов (80 кг);
- 85 кг дейін – Дмитрий Токарев (150 кг);
- 85 кг жоғары – Евгений Кукса (155кг).
40 кг зілтемірді жатып көтеру басында бейхабар адамға балалардың ермегі болып көрінуі мүмкін, бірақ зілтемірді 50 реттен артық көтергенде, ол адамға деген қызығушылық пен құрмет пайда болады. Жарыстың бұл түрінде бірінші орынды Евгений Лободенко жеңіп алды. Ол қырық килограмм зілтемірді 68 рет көтерді.
Гір көтеру де қызықты жарыс. Жас казактар өз таныстары мен достарына демеу бере отыра бәйге барысын қызығушылықпен тамашалады. Нәтижесінде бірінші орынды мына қатысушылар өзара бөлісті:
- 75 кг дейін – Николай Васильев (28 рет);
- 85 кг дейін – Николай Алексеев (80 рет);
- 85 кг жоғары – Александр Трояков (60 рет).
Армрестлинг. Өзін құрметтейтін әр ер адам өмірінде бір рет те болса қарсыласының қолын жығып көрді. Бұл мүмкін әзіл немесе қазіргідей шынымен болған шығар. Бірінші орын өз күшін сынап көрген он шақты азаматты жеңген Николай Алексеевке бұйырды.
Бұл уақытта жарыс қыза түскен учаскелерден алысырақ тыныштықта пневматикалық винтовкадан және пистолеттен ату және спорттық пышақтарды лақтыру бойынша жарыстар өтіп жатты.
Жарыстың бұл түрлеріне қатысушылар көп қатысқан. Жүзге жуық адам. Қажырлы бәйгеде пневматикалық винтовкадан ату бойынша бірінші орынды – Карлен Авакян, екінші орынды – Дмитрий Овчаренко, үшінші орынды – Роман Хохлов алды. 30 оқты пистолеттен атудан Алексей Никулин 29 ұпай жинап, бұл нәтиже оған бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Спорттық пышақтарды лақтыруға 40-қа жуық адам қатысты. Лақтырылған пышақ дәл нысанаға тиетін боевиктерді көрген қатысушылар бұл сайысты жеңіл болады деп ойлаған болар, алайда олай болмады. Біріншіден – барлық спорттық пышақтар мұқатылған, екіншіден – нысана ретінде ең қатты ағаш таңдалады. Шынында пышақ ыршып түсетін секілді, сондықтан нәтижеге қол жеткізу үшін едәуір ептілік пен икемділік қажет. Қорытындылай келе бірінші орынға Сергей Савинков (19 рет) ие болды.
Мінеки, казактар үшін ең маңызды спорт түрі – ғасырлар бойы ата-бабалары жеткізген қоян-қолтық күрес те басталды. Казактың өмірі кейде соның нәтижесіне байланысты болған. Қазір бәрі өзгеше. Дегенмен әсер мен күрестің қызуы бұл жерде жеткілікті. Күрес алаңына алты жұп шықты. Әр сайыскер соңына дейін бой бермеді. Себебі бірінші орынға жоғарғы атаман Юрий Филиппович Захаровтың сыйлыақысы тігілді. Ұзақ күрестерден кейін өткен жылдағыдай бірінші орынды Станислав Захаров жеңіп алды. Сөйтіп, ол «Русский богатырь» атағын осы жылы да сақтап қалды.
Ауа райы шағын футбол өткізуге кедергі болмады. Жасыл алаңда үш команда кездесті: «Қарасай», «Богатырь» және «Спартак». Бірінші орынды «Қарасай» командасы қанжығасына байлады.
Казактардың спорттық жарыстарына өткен жылдардағыдай жергілікті балалар белсене қатысты. Бір жыл ішінде балалар шеберлігінің артқаны көрінді. Олардың ішінен пневматикалық винтовкадан ату бойынша 26 ұпай жинаған Анастасия Васильеваны атап өтуге болады, ал 12 жастағы Максим Савинков пышақ лақтырудан екінші орын иеленді. Орнымызды басуға тұрарлық ұрпақ өсіп келеді.
Барлық жарысқа қатысушылар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Спорттық мереке аяқталған соң мерекелік көңіл-күйді ұзартып, баянды ету үшін жиналған қауымға хош иісті шай, палау және кәуап ұсынылды.
Галина Кузьмина
«Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ
баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
-
Көкшетауда қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлға қошемет көрсетілді
-
Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді
-
Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді
-
Өскеменде облыстық ақсақалдар мүшесі Бағдаулет қажы Мүрсәлімұлына қошемет көрсетілді
-
Ақмола облыстық ҚХА еңбек ардагерлерін қошаметтеді
Ұқсас жаңалықтар
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
-
Көкшетауда қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлға қошемет көрсетілді
-
Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді
-
Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді
-
Өскеменде облыстық ақсақалдар мүшесі Бағдаулет қажы Мүрсәлімұлына қошемет көрсетілді
-
Ақмола облыстық ҚХА еңбек ардагерлерін қошаметтеді