11 Тамыз, 2021
539
СҚО-да аудандық, ауылдық ЭМБ өкілдерімен онлайн режимде вебинар өткізілді
2021 жылдың 6 тамызында СҚО аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің мамандары және Солтүстік Қазақстан облысының аудандық/ауылдық/селолық этномәдени орталықтарының өкілдері үшін аудандық/ауылдық этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-мен және «Қоғамдық келісім» КММ-мен өзара іс-қимылы туралы» ZOOM платформасында онлайн режимінде вебинар өткізілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ ҚХА-мен талдау, этносаралық қатынастар және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова сөз сөйледі. Бөлім басшысы аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасы ішкі саясатының басым бағыттарына қатысушылардың назарын аударды.
Өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Олег Синяков «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ қызметі туралы презентация жасады. Ол конфессияаралық мәселелерді шешуде білікті көзқарас қажет екенін айтып өтті.
Этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі Болат Базарбаев «Қоғамдық келісім» КММ қызметі туралы презентация жасады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның құрылымдық бөлімшелері мен облыстық этномәдени бірлестіктердің аудандық/ауылдық/селолық этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Журналистер клубының жетекшісі Валентина Корнева Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының қызметі туралы сөз етті. Ол аудандық этномәдени орталықтардың белсенді өкілдерін атап өтті. Сондай-ақ, В.Корнева аудандық/ауылдық/селолық этномәдени орталықтардың қызметін ақпараттық жария етуді күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар, вебинар қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубына кіру ұсынылды.
Вебинарда сөз сөйлеген Аққайың, Есіл және Жамбыл аудандарының этномәдени орталықтарының өкілдері аудандық және ауылдық этномәдени орталықтар «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-мен және «Қоғамдық келісім» КММ-мен өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін айтты.
Кездесу соңында болашақта өзекті тақырыптар бойынша бірқатар тақырыптық вебинарлар өткізу туралы шешім қабылданды.
Вебинар аяқталғаннан кейін аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің атына этномәдени орталықтарға оларды әрі қарай беру үшін анықтамалық материалдар мен презентациялар жолданды. Аталған іс-шараға барлығы 32 адам қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23