Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Мамыр, 2021

419

СҚО-да отбасы құндылығын насихаттайтын тренинг пен байқау болды

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы «Отбасы - тұлғаны рухани тәрбиелеу негізі» атты тренинг өткізді.


Спикерлер – Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Смаилова Күлімкөз және «Кентрон» Солтүстік Қазақстан армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Малхасян Светлана отбасы мен отбасылық салт-дәстүрлердің маңыздылығын атап өтті.

К.Қ.Смаилованың айтуынша, отбасының тұрақтылығы көбіне әйелдерге және оның үнемі өз-өзін жетілдіруіне байланысты. Отбасы ошағын сақтау үшін әйел өзінің жаны мен ақыл-ойының арқасында жолдасымен қарым-қатынасты нығайтып, ата-аналар мен балалар арасындағы ауызбіршілікті сақтау барысында көп еңбектенуі керек.

С.С. Малхасян құрмет пен дәстүрлі құндылықтар сабақтастытығының маңыздылығын атап өтті. Отбасының негізі – өзара құрмет және тұрақты қарым-қатынас. Оның пікірінше, отбасылық қиындықтарды екі тараптың диалогы мен пікір алмасуы арқылы жеңу керек.


«Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.М. Бикметова спикерлер сөзін отбасылық қатынастарды нығайтатын ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмысының қажеттілігі туралы ойымен толықтырды.

Тренинг аяқталған соң, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің отбасылары арасында «Берекелі шанырақ» конкурсы басталды. Ол үш кезеңнен құралды: «Отбасы шығармашылығы», «Отбасы – салт-дәстүрлерді сақтаушы» және зияткерлік байқау. Команда капитандары өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтқан сәт көрермендерді тәнті қылды. Мария Татаренко «Бульба-пати» - картоп пісіріп, таза ауада ойындар өткізетін жазғы мерекені ұсынды. Ринат Шамшутдиновтың сөзінше, олардың отбасындағы басты отбасылық дәстүрдің бірі – жыл сайын Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы Заки Мурадымович Мамлютовқа құрмет көрсету. Р.Шамшутдинов орындаған «Королева красоты» әні барлық нәзік жандыларға арналды. Мультфильмдерді табу бойынша конкурста жеңісті Татаренко отбасы олжалады. Әзілқой аниматорлар балалар мен қонақтардың көңілін көтерді.

Қазылар алқасы бірауыздан командалар орындар бойынша іріктелмейді деп шешті. «Берекелі шаңырақ» конкурсына қатысқан барлық отбасылар жеңімпаз деп танылып, бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Кейін қарай