06 Сәуір, 2020
3100
СҚО: ҚХА қазақ тілін үйрететін «Мәміле» жобасының онлайн нұсқасын іске қосты
Солтүстік Қазақстан облысында қазақ тілін үйрететін «Мәміле» жобасының онлайн нұсқасы іске қосылды (#онлайнМӘМІЛЕСҚО). Қазіргі орын алған жағдайда бұл тақырып өте өзекті және жаңа білім алуға тілек білдірушілер саны да көбейді, дейді СҚО ҚХА-да.
Жобаны Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы әзірледі және @ank_sko әлеуметтік желісінде «инстаграм) іске асырылатын болады.
Тапсырмалар әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Мысалы, бірінші сабақ «Сәлемдесуге» арналған. Алдымен курс тыңдаушылары жаңа сөздермен танысып, олардың қалай дұрыс жазылатынын және айтылатынын көре алады. Содан кейін, өткен материалды бекіту мақсатында тапсырмаларды орындау қажет: диалог оқу, кроссворд шешу және сұрақтарға жауап беру. Осылайша, мемлекеттік тілді үйренгісі келетін барлық адамдармен кері байланыс орнатылады.
«Мәміле» пікірталас клубының сабақтары Достық үйінде апта сайын өткізіледі және өте тиімді саналады. Курс тәлімгерлері жаңа формат арқылы өзінің «оқушыларының» аудиториясын кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Алда барлық тыңдаушыларды қызықты сабақтар күтуде: диалогтар, өзекті тақырыптар негізінде құрастырылған мәтіндер; жаңа сөздер мен сөйлемдер; мәтіндік және бақылау тапсырмалары; үй жұмысы.
Біз барлық тілек білдірушілерді бізбен бірге үйде отырып-ақ @ank_sko интсаграм арақшасында мемлекеттік тілді үйренуге шақырамыз!
Естеріңізге сала кетейік, «Мәміле» пікірталас клубы өз жұмысын 2019 жылғы желтоқсан айында бастады. Негізгі жұмысы сабақтар жоспарларын әзірлеу, тапсырмалар дайындау, сондай-ақ қазақ тілін үйренгісі келетін тыңдаушылардың басын біріктіру болып келеді.
2019 жылғы 20 қарашада Петропавл қаласының Достық үйіне «Ситуативті қазақ тілі» әмбебап әдістемесінің авторы Қанат Тасыбеков келген болатын. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің белсенділері, сонымен бірге қазақ тілін үйренуге тілек білдірушілер қатысты.
Сабақ өткізу бойынша негізгі жұмыс 2020 жылдың қаңтар айында бастау алды. Мұғалімдер ретінде «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері – Мария Татаренко мен Сәлімхан Сәбитов қатысты.Үлкен жастағылар арасында тыңдаушылардың жалпы саны 15-18 арасында құбылып тұрады. Сабақтар апта сайын жұма күндері өткізілді. Кураторлар қызықты көрнекі материал дайындады. Осы уақыт ішінде «Сәлемдесу және қоштасу», «Шежіре және туыстық байланыстар», «Қазақ халқының мәдениеті мен өнері», «Мерекелер», «Мақал-мәтелдер» тақырыптары бойынша сабақтар өткізілді.
Сонымен қатар тыңдаушылар дұрыс амандасуды, күрделі емес тақырыптарда сөйлесуді, бір-бірін мерекелермен құттықтауды, сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді үйренді. Сонымен қатар үш ай бойы «оқушылар» «Көзімнің қарасы» әнін үйренді.
Сабақ барысында барлығы 16 адам (60 жастан асқан қарт адамдар) оқудан өтті. Осы санаттағы адамдар үшін сабақтар жалғасын таппақ. Карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін қосымша 25-тен 40 жасқа дейінгі адамдар тобына сабақтар ұйымдастырылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
1 Маусым, 09:18