Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Ақпан, 2021

737

СҚО ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында түйіткілді мәселелер талқыланды

Петропавл қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің және облыстық ассамблея құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Отырысты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Нығыметов ашты. Ол ҚХА-ның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыру қажеттігін, соның арқасында этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалыптасқанын атап өтті. Этномәдени бірлестіктерге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жас ұрпақты отбасы құндылықтары мен дәстүрлеріне баулуға шақырды.

Облыстық ассамблея құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 2021 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Аналар кеңесінің басшысы - Күлімкөз Смаилова отбасылық тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылық және отбасындағы қатыгездік мәселелерін көтерді. Отырысқа қатысушыларға кәсіпорындарда отбасылық құндылықтарды насихаттауды және кәсіпорынның пайдасын ғана емес, отбасылық құндылықтарды да бірінші орынға қоюды ұсынды.


Медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева этносаралық қатынастар, еңбек, отбасылық және басқа да даулар саласындағы жанжалдарды реттеу бойынша медиация кабинетінің алдағы жұмысы туралы, облыс аудандарының медиаторларымен тығыз өзара іс-қимыл туралы, медиация жөніндегі семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, коучтар туралы әңгімеледі.

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Рашид Надиров облыстық ассамблеяның қоғамдық қабылдау жұмысы, қайырымдылық саласында атқарылған жұмыс, кеңестің «қоғамдық бақылау» іс-шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, отырысқа қатысушыларды ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралармен СҚО ҚХА Журналистер клубы, ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы, еріктілер қозғалысы орталығы және т.б. құрылымдық бөлімшелердің басшылары таныстырды.

Қазақстан этностары арасында қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған төрт базалық жоба және осы бағыттарда жоспарланған іс-шаралар туралы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ирина Литт сөз етті.


Кейін қарай