26 Ақпан, 2021
611
СҚО ҚХА мүшелері «30 игі іс» жобасына белсене атсалысып жүр
Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы аясында «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын өткізді.
«Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы, «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі өкілдері, «Сібір казактарының бауырластығы» және «Қазақстанның орыс қауымы» этномәдени бірлестіктерінің мүшелері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге гуманитарлық көмек көрсетті. Өрттен зардап шеккен отбасына арнайы «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының мүшелері азық-түлік пен кеңсе заттарын сыйлады. «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық эстафетасын қабылдап, жалғызбасты әкелерге көмектесті.
Сонымен қатар «30 игі іс» марафоны аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер облыстық қан орталығы ұйымдастырған донор акциясына қатысты. Бұл акцияға «Орыс, славян, казак ұйымдарының қауымдастығы» облыстық филиалы бастамашы болды.
«Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Полудинский балалар үйіне барып, балаларға концерттік бағдарлама мен түскі ас ұйымдастырды. «Әзірбайжан мәдениеті орталығы» тұрақты түрде балалар мен зейнеткерлерге қажетті медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алуға көмектесіп келеді. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан ҚХА мүшелері мен белсенділері жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын қардан тазалап берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32