14 Маусым, 2021
404
СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жұмыс нәтижесі таныстырылды
Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде «Ценности развития казахстанского общества» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Авторлар ұжымы өңірдегі танымал және беделді ғалымдар, басшылар және педагогтерден құралған.
Ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО ПҚ БАИ директоры А.Ж. Мурзалинова құттықтау сөзінде мақалалар жинағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көргенін атап өтті. «Жаһандану, қоғамдық сананы жаңғырту, ойлауды цифрландыру және көп мәдениетті даму – бұл қазақстандық қоғам жауап берген заманауи сын-қатер. Бұл жинақтың бірегейлігі - біз бір жағынан жоғарыда аталған сын-қатердің ықпалымен, ал екінші жағынан қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарының әсерінен қоғамның қазіргі даму кезеңін бақылау мен пайымдау нәтижелерін көрсете алдық».
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Л.С. Қайыржанова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының, ғылыми қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен өңірдегі үздік педагогтердің бірлескен жұмысының жоғары нәтижесі екенін атап өтті.
«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ басшысы Г.Н. Мұсабаева авторларға өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерді жариялағаны үшін алғыс білдірді. Кітап авторлары Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ алғыс білдірді. Бірқатар авторлар келесі жинақтарда этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары мен еріктілер қозғалысы қызметінің нәтижелерін көрсетуді, сондай-ақ жас авторларды мақала жазуға тартуды ұсынды.
Тұсаукесерге Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы, Петропавл қаласы «әл-Фараби» мектеп-лицейінің педагогтері, мемлекеттік органдардың өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37