
28 Сәуір, 2020
1667
СҚО: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дағы «ҚХА» кафедрасына – 6 жыл
Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы республикамызда алғашқылардың бірі болып 2014 жылғы 28 сәуірде құрылды. Оның басшысы - т.ғ.к., доцент Л. Гривенная.
Кафедраның басты мақсаты - Қазақстан қоғамындағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал ету, студенттердің Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, толеранттылық пен жанжалсыздыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және көптілділікті дамыту, шетел студенттерінің бейімделуі бойынша жұмыстар жүргізу, діни сауаттылықты кеңейту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар ортасында азаматтық бірегейлікті және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Қойылған мақсаттарға байланысты оқу-тәрбие үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі - мектеп бітірушілер бойында тіл тапқыштық, этноконфессиялық төзімділік, белсенді азаматтық ұстаным және патриотизм сезімі сынды әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру.
ЖОО-да «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ректордың тікелей бағынысындағы дербес құрылымдық бөлімше ретінде жоғары мәртебеге ие.
Кафедра ЖОО-да үш бірдей міндетті жүзеге асырады: оқу-білім беру, ғылыми-әдістемелік, тәрбиелік.
Ол университетте жастар ортасында қазақстандық патриотизм мен азаматтық бірегейлікті, толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша:
- ЖОО студенттері үшін, соның ішінде шетелдік студенттер үшін білім беру лекторийлері мен факультативтік курстарын өткізу;
- университет студенттері үшін өзекті тақырыптар бойынша ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық семинарларды тұрақты түрде өткізу;
- кафедрада әр түрлі білім беру бағдарламаларының студенттерінен пәнаралық студенттік ғылыми қоғам құру арқылы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру;
- «Герман-роман филологиясы» кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы студенттерінің кафедрада жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтуі»;
- ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларын кең ауқымда қамту және әртүрлі нысандағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- студенттердің шығармашылық және ғылыми жұмыстарының жинақтарын әзірлеу және басып шығару;
- кафедра қызметін БАҚ және Интернет желісінде жариялау;
- факультеттермен және сыртқы ұйымдармен, оның ішінде республикалық және халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасау;
- студенттерге жүйелі түрде сауалнама жүргізу арқылы жүйелі және көпвекторлық жұмыстарды жүзеге асырады.
Ағымдағы оқу жылында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да мәдениет күндері өтті, оларға Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қазақ, неміс, армян, татар, орыс, украин, поляк және әзірбайжан орталықтары белсенді қатысты.
«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының болуы және оның белсенді ұстанымы ЖОО-да жүйелі және көпвекторлық жұмыстарды жүргізуге, студенттерді рухани-адамгершілік құндылықтарды, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға тарту бойынша әдістемелік және ұйымдастыру алаңы болуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы