
30 Мамыр, 2024
258
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Форум жалғасын тапты
Бүгін Қарағанды қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» дәстүрлі халықаралық жобасы аясында өтіп жатқан Форумның жұмысы жалғасын тапты.
Түске дейін қатысушылар Долинка ауылындағы Карлаг музейінде болды.
Түстен кейін Достық үйінде «Тарихи сана – мызғымас бірлік – кемел келешек» тақырыбында панельдік пікірталас өтті.
Модератор - «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығының төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова. Өз баяндамасы барысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық жобасы аясындағы жалпы тарихи жады туралы сарапшылық пікірімен бөлісті.
Талқылау барысында Ресей, Литва, Германия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің, мүдделі қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері және т.б. сөз сөйледі.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА Президиумының мүшесі Зиябек Қабулдинов Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннің кейбір ерекшеліктеріне және оларды зерттеудегі жаңа әдістемелік тәсілдеріне тоқталды.
Сондай-ақ шетелдік ғалымдар Арунас Бубнис (Литва), Әлішер Сабиров (Өзбекстан), Деннинггаус Виктор (Германия), Зулай Исакиева және Светлана Аккиева (Ресей), Саламат Малабаев (Қырғызстан) өз пікірлерімен бөлісті.
Басқосуды қорытындылай келе, қатысушылар қоғамды біріктіретін жобаларды ұйымдастыру және оларды жастардың қабылдауы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен халықаралық ынтымақтастықты оқытуда тәжірибе алмасу,қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін жаңа жұмыс түрлерін іздеу және ынталандыру туралы мәселелерді қозғады.
Аталған жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ және «Шаңырақ» ҚХА қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
17 Қыркүйек, 18:23
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
17 Қыркүйек, 18:21
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
17 Қыркүйек, 18:15
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
18 Қыркүйек, 20:05
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый