23 Қаңтар, 2019
2266
СӘТПАЕВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БӘКЕБАЕВТАР ОТБАСЫ МЕЦЕНАТТАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДІҢ ИЕСІ АТАНДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» аясында «Мейірімділікпен бірге» акциясын бастаған болатын. Қаңтар айында ауқымды шара арнайы бекітілген күнтізбеге сәйкес «Сарқыт» атауымен өтуде. Жақсы іске Қарағанды өңірінің аймағындағы Аналар кеңестері, меценаттар, жастар қанатының мүшелері, жомарттықты жанына серік еткен жандар белсене қатысуда. Әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттар, киім кешектер үлестіріп, балаларды қуанышқа бөлеуде.
Атап айтсақ, Сәтбаев қаласының Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Харекет» қайырымдылық қорының және қалалық қайырымгерлер мен меценаттар клубының ұйымдастыруымен көпбалалы Бәкебаевтар отбасына салтанатты түрде екі бөлмелі пәтер кілтін табыстау рәсімі өтті. Мүмкіндіктері шектеулі, туа бітті тіл мен құлақ мүкісі бар Азамат пен Айгерімнің отбасы пәтерге өте мұқтаж еді. Өмірге құштар, қиындыққа мойымайтын ата-ананың қуанышында шек жоқ, іштегі толқынысын, алғысын ишаратапен білдіріп, көз жастарына ерік берді.
Игі шарада Сәтбаев қаласы қайырымгерлер мен меценаттар клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова «Жағдайларының қиындығына қарамастан, өмір сүруге талпынып жүрген бұл отбасы иелері - нағыз батырлар. Бүгін ерекше күн. Бір отбасының болса да, жабырқаған жүзіндегі мұң сейілді. Жақсылық жасауды тоқтаптайық», - деп атап өтті.
Өз атынан Меруерт ханым отбасына микротолқынды пеш, ал, осы клубтың мүшесі Берік Ергенбаев жатын бөлме жиһазын сыйға тартты.
Ізгі шараны жалғастырған қарқаралылықтар аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен, «Нұр Отан» филиалымен және «Балауса» қайырымдылық қорымен бірлесіп Қоянды елді мекеніндегі балалар үйіне 12 адамға арналған үлкен үстел мен балаларға базарлық сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті