Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2016

2181

Сәтпаев –ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы

Сәуірдің 12-сі күні Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайында  "Қазақ тілі мен мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, сатпаевтанушы  М.К.Қиықұлының бастамасымен, А. Мырзахметов университетінің және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология комитетінің  өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті мемлекетік мекемесінің қолдауымен биылғы жылы туғанына 117 жыл толуына байланысты «Қ.И. Сәтбаев - ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы» атты ғылыми - практиқалық семинар болып өтті.

Семинардын мақсаты өмір жолы ұрпаққа мәңгілік мұра болған  Қаныш Сәтбаевтың рухын жастардың жүрегіне ұялатып, жас ұрпақты ғалымның өнегесімен ұлтжанды, патриот, интернационалист, нағыз Азамат болуға тәрбиелеу.

Семинарға областық және қалалық әкімшіліктердің өкілдері, қала тұрғындары, еңбек ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, оқушы және студент жастар қатысты. Семинарда А. Мырзахметов атындағы университеттің ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты Елюбаев Мәди, аталмыш оқу орнының  ұстаздары, студенттері, №18 орта мектептің оқушылары  және «Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазжер қойнауы, Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану» департаменті мемлекетік мекемесінің өкілдері қатысты. Қ. Сәтбаевтың ізбасарлары, геология саласының еңбек ардагерлері, Е.С. Шылымов және басқалар семинардың құрметті қонақтары болды. «Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазжер қойнауы, Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану» департаментінің басшысы Әділханов Ербол Бекболатұлы қазақстандық геологияның бүгіні мен болашағы туралы жастарға мол мағлұмат беріп, Қаныш Имантайұлының өнегелі өмірі туралы кеңінен баяндады.

Жиналған қауым Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолынан мол мағлұматтар алып, оның зерделі еңбектерімен танысты. Оның Қазақстан қойнауындағы мол байлықты игерудегі ерен еңбегі мен өлшеусіз қажыр-қайратынан хабардар болды. Ал 10 сынып оқушылары Оразбаев Нұрлан пен Әмірханова Аида  «Ғалымның балалық шағы» тақырыбында   қызықты баяндама жасап, оқушылар қауымына мол ақпарат берді. 

   

 

 

«Қоғамдық келісім»

 мекемесінің баспасөз орталығы

Кейін қарай