Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2016

1482

Сүйем сені, менің Қазақстаным!

Бұл күні Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–де өткен іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналды. Мұнда келушілердің назарына этномәдени бірлестіктер жастарының  жаңа бастамасымен ұйымдастырылған фотосуреттер көрмесі ұсынылды. Көрермендер мен әділқазылар алқасының мүшелеріне он екі қатысушы үш номинациядан тұратын: еліміздің мемлекеттік рәміздері, туған өлкенің көрнекті орындары, табиғаттың сұлулығы тақырыбындағы он сегіз жұмысты ұсынды.

Сол уақытта конференция залында жастар қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізді. Онда жас патриоттар мен олардың тәлімгерлері Мемлекеттік әнұранды орындады. Осынау атаулы мерекемен қатысушыларды «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ринат Баушенов пен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова құттықтады. Қалалық №2 орта мектептің жас ұстаздары Елена Блохина мен Радиана Асатова Қазақстан Республикасы мемлекеттік символдарына арналған: ту, елтаңба және әнұранның шығу тарихы мен олардың авторлары, жеке элементтердің мағынасы мен маңызды атрибутикасы туралы қызықты презентациялар өткізді. Одан кейін осы алған білімдері аясында викторина (сұрақ-жауаптар) ұйымдастырылып, оған іс-шараға қатысушы жастар мен үлкендер қуана-қуана қатысты.

«Сүйем сені, менің Қазақстаным!» атты фотокөрменің қорытындысы туралы әділқазылар алқасы өз шешімін жария етті. Диана Шайхеслямованың  «Өткеннен – болашаққа» атты фотосуреті жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әсель Темірбекова «Туған өлке», үшінші орынды Жасмин Садвакасова Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту кезіндегі бір ғана сәті кезінде жасалған фотосуреттері иеленді. Жеңімпаз үштікке Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ атынан ас үйде тұтынатын миксерлер, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етілді. Қатысушылардың ойынша танымдық және тәрбиелік маңызы зор бұл іс-шара көптің есінде ұзаққа сақталады.

   

                                      Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық елісім» КММ баспасөз-қызметі 

Кейін қарай