23 Қыркүйек, 2021
784
«Сөз маржаны» жас ақындар мүшәйрасы өтті
Достық үйінде «Сөз маржаны» жас ақындар мүшәйрасы өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет бөлімі және «Бітім» медиация орталығының ұйытқысымен өткен жыр бәйгесіне қала және ауданнан келген 10 өнерпаз қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы жыр мүшәйрасын ашып, болашағынан үміт күттіретін жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Жас таланттар мүшәйра ережесіне сай екі кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, достық пен татулық, ынтымақ пен бірлікті, ана тілдің қадірі мен еңселі елдің еркіндігін өз жырларына арқау етті. Жырлары арқылы үлкен ой көтерген сөз шеберлеріне деген қошеметте зор болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс, ақындар Ғабит Кәдірбай және Ұлықбек Бекұзақұлы мүшәйраға қазылық етіп, жас сөз шеберлерінің өнерін сарапқа салды. Таразылап, нәтижесінде бірінші жүлделі орынды Мейіржан Қартбай, екінші орынды Бексұлтан Санақұл, үшінші орынды Нәзерке Мантай иеленді.
Барлық қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хат берілді. Ал жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті