27 Маусым, 2017
746
«Саған арналады, Астана!»
2017 жылғы 24 маусымда М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының концерт залында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін атап өтуге және елорда күнін мерекелеуге байланысты «Раздолье» орыс және казак әндері ансамблінің «Саған арналады, Астана!» атты мерекелік концерті болып өтті.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушы - елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Мерекелік іс-шара қоғамның елордадағы этномәдени орталықтардың қызметімен кеңінен танысуына және этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Іс-шара барысында «Дала өлкесі казактары одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің «Раздолье» орыс және казак әндері ансамблі өз шығармашылықтарын жан-жақты көрсетіп, көрермендерге жылы әсер қалдырды. Бұл ансамблдің жетекшілері - Ирина Коломоец пен Петр Иванов.
Концерттің басында ансамбль солисі И. Журавлевтің орындауында Астана әнұраны айтылды. Сонымен бірге, есептік концерттің бағдарламасы бойынша казактардың әндері, тақпақтар, вокалдық-хореографиялық композиция, орыс романсы, өзге де шығармалар орындалды. Казактардың жексенбілік мектебі ансамблі керемет өнер көрсетті. Ал жас орындаушы Лиза Гудкова «Аяулы анашым» әнін нақышына келтіріп орындады. Шығармашылық ұжым музыкант-көркемдеуші А.А. Трачев жазған «Дала өлкесі казактары одағы» әнұранын өте жоғары деңгейде орындап шықты.
Оқушылар сарайының көрермендер залына өнерді бағалаушылар жиналып, казак және орыс әндерін шын ықыласымен тыңдады. Сонымен, шебер орындаушылар «Раздольенің» концерттік бағдарламасын жарқыратып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Шығармашылық ұжым тамаша шеберліктерімен ешкімді де бей-жай қалдырмады. Халық әндеріне арналған мерекелік іс-шара осылайша көпшілікті қуантып, кешті әрлендіріп жіберді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты