11 Тамыз, 2015
1066
«Сабантуй» мерекесі – бейбітшілік пен келісім күні
Қарағанды облысы Сатпаев қаласы Мәдениет үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 жылдығы аясында «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени ұйымы «Сабантуй» дәстүрлі халық мерекесін өткізді.

Аталмыш мейрамды ұйымдастыру мен өткізуде Сатпаев қаласының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетті.
«Сабантуй» мерекесін тойлауға қала әкімі Әнуар Омар, өңірдегі ҚХА жетекшісі – Зинаида Чумакова, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім бастығы Александр Урмашов және этномәдени ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Ұлттық мерекені тойлау үлкен флэш-мобтан басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, нағыз мерекелік атмосфераны жеткізу үшін ұйымдастырушылар жұмыла қызмет етті. Татар халықтық әндері орындалып, әсерлі дәстүрлі билер биленді. Әсіресе, дене тәрбиесін дәріптеп қана қоймай, татар-башқұрт ұлтының ерекшеліктерін паш ететін ұлттық ойындар көрерменді қызыққа бөледі.
Мерекеге қатысушылар арасында сондай ұлттық ойынның бірі – «Куреш» ойнатылды.
Қала әкімі Әнуар Омар өз сөзінде татулық пен қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда белсенді жұмыс істеп жатқандары үшін «Дуслык» татар-башқұрт орталығына алғысын білдірді.
Жергілікті ҚХА төрайымы – Зинаида Чумакова елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы Ассамблеяның қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ бөлім бастығы Александр Урмашов барлық этномәдени ұйымдардың бірлесе әрекет етуінің арқасында әрі қарай дамып, қоғамда рухани құндылықтарды құру мен насихаттауда жұмыстарының алға баса беруіне тілектес екенін айтып кетті. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық «Ихлас» татар-башқұрт орталығының жетекшісі Анвар Керейбаевтың алғыс хатын оқып, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекеге Париж және Мәскеу қалаларында өткізілген көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты Анита Гатиятованың орындауындағы әсем әндер ерекше сән берді. Іс-шара соңында татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері сахна төріне шығып, жарқыраған отшашу ұйымдастырды.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті