16 Қараша, 2018
2020
Сарайшық - шетелдіктердің келсем деп армандайтын жұмақ мекені болған Қазақ хандығының көне астанасы
Қалашықтың орны – Атыраудан 50 шақырым қашықтықта Махамбет ауданының Сарайшық селосының аумағында. Мұнда 1999 жылы «Хан ордасы – Сарайшық» мемориалды кешені салынып, биіктігі 17 метр кесене тұрғызылған. «Қазақстанның киелі жерлері» географиялық картасына енген тарихи орынды бүгінде туристік нысанға айналдыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Сарайшықтың жаңалығы көп. Ол бұрын коммуналдық мемелекеттік мекеме болып, облысқа бағынған болатын. 2018 жылы 4 сәуірде ҚР Үкіметінің қаулысы шығып, Сарайшық мемлекеттік мекемеге айналды. Оның жанынан сапар орталығы салынады деп жоспарланып отыр. Бұл визит-орталықта әкімшілік ғимарат, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі салынады. Сонымен қатар, экспозициялық-көрме залдары жасақталып, конференс-зал, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы, кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасады деген жоба бар.
Бұл жүзеге асырылып жатса, кешен аумағында лекция өтетін алаңдар, ашық аспан астындағы музей мен этноауыл болады. Оның құрылысы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілуі керек. Биыл алғаш рет Жайықтың суы тоқтатылды. Сакралды Сарайшықты табиғи бұзылудан сақтау үшін 2016-2018 жылдары облыс бюджетінен жағалауды бекіту жұмыстарына 1,6 млрд теңге бөлініп, қорғаныс бөгеті салынды. Бөгеттің биіктігі – 3 метр, ұзындығы – 1500 метр. Сөйтіп көктемгі су тасқыны тоқтатылды. Бұл облыс әкімдігінің атқарған үлкен шаруасы деп айта аламын. Бұған қосымша қазір «Қазреставрация» мекемесі археологиялық орындарды тікелей қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып, оның үстінен жаңбыр суы бүлдірмейтін қорған жасап жатыр. Мұның барлығы Сарайшықты сақтау, қалпына келтіру және ең бастысы, мақсат етілгендей, туристік нысанға айналдыру үшін барлық жағдайларды жасау нақты қолға алынғанын айғақтайды.
Сарайшық қаласына қатысты тарихшы-ғалымдармен болған сұхбатты осы жерден оқи аласыздар
Дата события ассамблеи: 16.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55