18 Тамыз, 2022
1095
САУРАН АУДАНЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ӘКЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық мәдениет үйінде «Өнегелі әке» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ер-азаматтардың қоғамдағы бет-бейнесін, кескін-келбетін, шешендік сөйлеу өнерімен аз сөзбен көп мағына танытуын дәріптеу. Сондай-ақ әкенің алғырлығын, зеректігін, тапқырлығын көрсету болатын.
Жалпы байқауға Шорнақ, Жібек жолы, Оранғай, Жаңа Иқан, Бабайқорған, Үшқайық ауылдық округтерінен 60-75 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Тәрбиелік мәні зор іс-шара 5-кезең бойынша ұйымдастырылды. Сайыста қатысушылар өзін-өзі таныстырып, мақал-мәтел жарысында бақ сынап, өзінің және ұрпағының қоғамдағы орны, белсенділігі жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, бата жасау, ұлттық өнерге қатысты өздерінің шығармашылық бейнесін таныстыру сайыстарында өз шеберліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысында Оранғай ауылдық округінен қатысқан Жұмағали Бекмұрзаев «Өнегелі әке» номинациясына лайық деп танылды. Ал «Мейірімді әке» номинациясын Абай Бабашев (Шорнақ а/о) және «Қайсар әке» номинациясын Нұржан Әлжанов (Жібек жолы а/о) иеленді. Сондай-ақ «Батыр әке» номинациясы Өтеген Орынбекке (Бабайқорған а/о), «Үлгілі әке» номинациясы Болатхан Қаражігітовке (Жаңа иқан а/о) бұйырды. Үздік шыққан номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етіліп, Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді