31 Мамыр, 2019
1584
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары Қазақ халқына шексіз алғыс
Ақтөбе қаласында «Қоғамдық келісім» КММ сарапшылары мен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұрпақтың жадында» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.
Шара барысында қонақтар С.Жиенбаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары дайындаған «Тарихта қалған тағдырлар» атты көрмені тамашалады.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытгүл Снабаева «қазақ халқы үшін 31 мамыр күнінің қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаланған қазақ зиялыларының тағдырын ұмытпауымыз керектігін» атап өтті.
Одан әрі диалог алаңында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағамбетов баяндама жасап, жаппай ашаршылық жылдарындағы қазақ халқының көрген қиындығы туралы мәліметтер келтірсе, «Ақтөбе облысының мұрағаты» ММ-нің бөлім меңгерушісі Бақытгүл Ешмұратова қанмен жазылған қазақ даласы тарихының ащы беттерін баяндайтын сол кездегі құжаттармен таныстырды.
Тарих ғылымдарының кандидаты Инна Ли қуғын-сүргінге ұшыраған корейлердің ұрпағы ретінде КСРО-ның қазақ халқы мен өзге де ұлттарға, соның ішінде ата-бабасы саналатын корей халқына жасаған қатыгез саясатын айта келе, басқа түскен қиын қыстау кезеңде қазақтардың корей ұлтына жасаған жақсылығы, бір нанды бөлісіп жеп, достық ниеттерін көрсеткені үшін мәңгілік қарыздармыз деп атап өтті.
Бұдан кейін, «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Хасан Сагаев пен «Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» төрағасының орынбасары Галина Ажгалиева жазықсыз айып тағылып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ата-аналарының қиын тағдырын еске алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті