
03 Маусым, 2016
1532
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Тарих тағылымы! Жүректен өшпейтін із! 31 мамыр - ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың сызын тартқан қаншама боздақ өмірімен қоштасты. Балалар жетім, әйелдер жесір қалды. Алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шегіп, көршілес елге жер аударылды. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жалау Мыңбаев пен Тобанияз Әлниязұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ этномәдени бірлестіктің төрағалары қатысты.
- Зұлмат заманның зардабын тартқан Маңғыстаудың ұлдары Жалау Мыңбаев пен Тобанияз Әлниязұлы жазықсыз жапа шегіп, халық жауы атанды. Олардың балалары халық жауының балалары атанып, жер аударылды. Оларды ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз. Өйткені, ұрпақ өткенді білу керек – деді «Дагестан» ҚБ төрағасы Юсуф Шахшаев. ¤
ХХ ғасырдың қасіретін көзбен көріп, қуғын-сүргін құрбаны болған Тобанияз Әлниязұлы мен Жалау Мыңбаев еді. Бүгінде осы жандарды еске алып, олардың ескерткіштеріне гүл қою үшін жиналған азаматтардың қарасы қалың болды. Олардың әрқайсысы өмірден өткен жандардың рухына тағзым етіп, үнсіздік жариялады. Қала басшысы бастаған бір топ азамат сөз сөйледі.
-Бүгін осындай күні өмірден өткен азаматтарды еске алу - біздің басты борышымыз. Өйткені «өлі риза болмай, тірі байымас» деген дана қазақтың сөзі бар. Сондықтан, бүгінгі күнді ұрпақ жадынан еш шығармауы тиіс,- деді Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов.
Мұнан соң, іс-шара Тобанияз Әлниязұлының ескеткішінде жалғасты. Бұл жерге ел ақсақалдарымен бірге Тобанияз атамыздың ұрпақтары мен өңірдегі барлық этномәдени орталықтардың төрағалары және аймақ басшысының орынбасары Бану Нұрғазиева да арнайы қатысып, сол кездері тағдыр тауқыметін көрген қазақ зиялыларын еске алып, халыққа сөзін арнады.
- Жастар тарихты білулері керек. Қазақтың мың өліп, мың тірілгенін білу керек. Бүгінгі ашық аспан астында, бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында екенін білулері керек деп ойлаймын. Сондықтан сол зұлмат заманда өмірден өткен боздақтарды еске алу қазіргі және келер ұрпақтың басты міндеті, - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева
Енді бұл күндер тек тарих қойнауында. Келер ұрпақ та мұны жадынан шығармаулары керек. Өйткені, «өткенін білмеген, ертеңін білмейді» деген дана халқымыздың сөзі бар.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ